ЖАСТАРҒА ЗАҢ, ТӘРТІП ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Балам заңнан аттама» атты оқушылармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ тарихи және рухани құндылықтарды бағалауға бағыт беру.
Кездесуге мемлекеттік мекемелердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, оқушылар қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Ысырапшылдық — қоғам дерті» тақырыбында аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Светлана Ерғалиқызы сөз сөйледі.
Одан кейін Сарысу АПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Аида Шакирова құқықбұзушылықтың алдын алу туралы қысқаша тоқталды.
Жастармен жүздесуде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-ғали сөз сөйлеп, аналар кеңесінің жастар арасында құқықтық тәрбие беру бағытындағы жұмыстары туралы баяндады.
Жастарға отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен өмірлік бағыт-бағдар жайында маңызды ойлар айтылды.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және құнды петроглифтердің сыртына жазу, сызу секілді келтірілген зиян үшін тартылатын құқықтық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Сондай-ақ, заң талаптарын орындаудың өзара байланысына және тағылымды өлке Әулиеата жері тарихи аймақ екенін тілге тиек етті.
Анаға құрмет — адамгершіліктің бастауы, ал саналы ұрпақ — ел болашағы.
Сәулет ЕСҚАРА, «SARYSÝ»