АУДАНДЫҚ МАМАНДАР FSM SOCIAL ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

0

Аудандық мәжіліс залында «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына» қарасты «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы арнайы қатысып, мобильді топ мүшелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Семинарды аудан әкімінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ. Тлеубаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Іс-шара барысында FSM Social цифрлық платформасы арқылы жұмыс жүргізу тәртібі мен негізгі бағыттар жан-жақты түсіндірілді.
Айта кетейік, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексі аясында, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің Отбасын қолдау орталығы» КММ құрылған болатын. Аталған орталық некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдардың алдын алу, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік отбасы саясаты бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.
Кездесу барысында FSM Social бағдарламасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте кезеңде анықтау, олармен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, білім, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және басқа да сала мамандары арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері қозғалды.
Оқыту барысында қатысушылар цифрлық платформамен жұмыс істеу тәртібімен танысып, нақты мысалдар арқылы тәжірибелік ақпарат алды. Мамандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Аталған іс-шара әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар мен отбасыларға уақытылы көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ FSM Social жүйесін аудан көлемінде тиімді қолдануға бағытталды.

Сәулет ЕСҚАРА, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.