аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Апта басында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 48-ші сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде: «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «Сарысу ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәселелер қаралды.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, Жаңатас қаласының әкімі мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалды. Аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттардың тарапынан сауалдар қойылды.
Бірінші мәселеге сәйкес ауылдық округтердің негізгі бағыттарына қарастырылған кейбір қаржылары бойынша қосымша негіздеме, тиісті құжаттардың толықтырылып ұсынылу қажеттігі, сонымен қатар басқа да бірқатар мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары түсіндіріп, баяндамашыға тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге баяндамашы және мекемелер тарапынан жауаптар берілді.
Аудандық мәслихат аппараты