Функционалдық сауаттылық- сапалы білім берудің кепілі
Қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру- білім беру процесінің негізі болып табылады. Білім мен ғылымның дамыған заманда білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру ең өзекті мәселеге айналып отыр. Осы орайда Арыстанды орта мектебінде «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті. Мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірде алған білімдерін тиімді қолдана алу қабілеттерін қалыптастыру арқылы олардың функционалдық сауаттылығын арттыру. Семинар барысында білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибелік жұмыстар ұсынылды. Іс-шараға ауданның бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мектебіміздің үздік бастауыш сынып мұғалімдері Б.Каранеева, Н.Мустафаева, Ж.Есенбекова, В.Алиева, Үшбас негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Омаровалар ашық сабақтар, коучингтер, тренингтер өткізіп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Бұл семинар білім беру сапасын арттыруға, мұғалімдердің кәсіби дамуына және білім беру үдерісін жаңартуға үлкен үлес қосты.
М. Түзелбаева, Арыстанды орта мектебінің музыка пәні мұғалімі