Бояулар сөйлейді
Суретші-өмірді өнермен ұштастырған, қылқалам шеберлерінің туындылары, тіршіліктің көрінісін қылқаламмен бейнелейтін, тарихтарды тілсіз баяндататын, талғамы биік табиғи талант иелері. Жалпы суретте-тіл жоқ, түсіну бар. Басқаша айтқанда, суреттің тілі де -тілсіз тіл, оны кез келген ұлт ұғады.
Аудандық мәдениет үйінде «Талант» халықтық көркемсурет студиясының «Бояулар сөйлейді» атты аудандық сурет байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты сурет өнерін дәріптеп,шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру, жас таланттарды қолдап, шабыттандыру.
Байқауға қатысушылар «Талант» халықтық көркемсурет студиясының жетекшісі Омаров Мақсат дайындаған байқау ережесіне сай берілген тапсырма бойынша сурет салып, шығармашылық өнерлерін шыңдады.
Сондай-ақ байқау барысында көрермендер арасында «Сұрақ-жауап» айдары мен «Ұжымдық сурет салу» және «Кім жылдам?» ойындары жүргізілді.
Байқау қорытындысы бойынша әділқазы алқалары, аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Ғ. Тезекбаев және аудандық кітапхана қызметкері, қолөнер шебері А. Жанжолова байқау жеңімпаздарына шығармашылық табыстар тілей отырып, Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Sarysý»- АҚПАРАТ