Қаламы жүйрік қаламгер
Жаңатас көпсалалы колледж кітапханасы мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, публицист, ғалым Бейбіт Қойшыбаевтың 80 жасқа толуына орай «Ойы зерек, қаламы жүйрік қаламгер» атты әдеби вернисаж өтті. Мақсаты: жазушы Б.Қойшыбаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын терең таныту, оның әдебиет пен тарих саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқырмандардың тарихи-әдеби, рухани дүниесін байытып, тарихи-әдеби тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Кітапхана қызметкері Анель Жарылқасынова жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Кітапхана қызметкері А.Жанжолова Бейбіт Қойшыбаевтың «Тәуелсіздік һәм зиялылар» атты кітабына тоқталды. Бейбіт Қойшыбаевтың атақты дәйекті сөздері мен өрнектеріне кітапханашы С.Абдирова тоқталып өтсе, кітапхана қызметкері Л.Рахымбаева жазушының «Тарих және тұлға» кітабына библиографиялық шолу жасады.
«Sarysý»-АҚПАРАТ