Газет оқу- зиялылықтың белгісі

0

Ахмет Байтұрсынұлының «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бүгін де өзектілігін жойған жоқ.

Қазір техника дамып, ғаламтор пайда болғалы  газет оқитындардың саны азайып кетті. Дегенмен газет оқу өте пайдалы. Телефонға телміріп отырғаннан, елімізде болып жатқан жаңалықтарды, аудан жаңалықтарын осы газет оқу арқылы білеміз.

Ауданның жаңалықтар жаршысына айналған «Sarysý» газетінің оқырманы аз деуге әсте келмейді. Себебі өңірде бұл газетті білмейтін, оқымайтын жан қатары жоқтың қасы. Сүйікті басылымға тіпті ұжыммен жазылатын да мекемелер бар. Соның бірі М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы ұжымы.

Ал, жазылымды білім ордасы директоры Кенжекүл Дүйсенбекқызы Сарсековамен бірге кітапханашы Бота Сайлаубекқызы Сапеева жазылымды уақытылы орындап жүр.

Бота Сапеева білім ордасында көп жылдан бері кітапханашы қызметін атқарып келеді. Кітапханада 51126 кітап қоры бар, оқырманы 800.

Мектеп ұстаздары жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеу жолында жүргендер әрдайым даму мен ізденіс үстінде. Заман көшінен қалмай, талмай еңбектеніп жүрген ұстаздар қауымы соңғы жаңалықтарды осы газет бетінен, қала берді арнайы сайттан оқиды. Рухани жаңғыру, тарих пен мәдениет жайындағы мақалаларды парақтай отырып, әр нөмірін үзбей оқу мұнда әдетке айналған. Олардың айтуынша, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін әркез мұғалімнің ізденісі мол, ақыл-парасаты шыңдалған болуы тиіс. Бұл кезде таптырмас көмек болатын құрал – кітап пен газет-журналдар.

— Төл басылымға ұжымдағы ұстаздар қауымы асыға жазылады. Ұжымдағы мұғалімдердің барлығы аудандық «Sarysý» басылымынан қалыс қалған емес. Сондықтан өңірдің жаңалықтар жаршысы болған ақпараттық басылымның біздің ұжымда алар орны ерекше. Ұстаздардың газетке айтар алғысы да шексіз, – дейді мектептің кітапхана меңгерушісі Бота Сайлаубекқызы.

Иә, жергілікті газетті жерлес-тер асыға күтетіні шығармашылық ұжымға шабыт сыйлайды. Бұл күнде 87 жылдық тарихы бар «Sarysý» ұжымы осындай ойлы да жанашыр оқырмандары үшін тынбай еңбек етіп келеді.

Ол жерде тек ауданның жаңалықтары ғана емес, респуб-ликалық, облыстық деңгейдегі ақпаратқа да қанық бола аласыздар. Газеттің өзі бір күндік болғанымен, сөзі мың жылдық.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.