сыршыл ақынға арналаған іс-шара

0

«Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында Әйтеке би атындағы орта мектебінің тәрбие орынбасары, педагог ұйымдастырушы, тәлімгер, сынып жетекшілер, кітапханашы жыл бойына түрлі іс-шаралар өтіп, ақын, журналист Серік Томановтың өмір жолымен, шығармашылығымен, кітаптарымен мектеп ұжымына және оқушыларға таныстырды.

Серік Томанов 1956 жылы Талас ауданы,Жданов атындағы кеңшарда дүниеге келді.Сыршыл ақын еңбек жолын «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы») газетінің редакциясында бастады.Ақынның алғашқы жыр жинағы «Адасып жүрген ақбөкен едім» деген атпен жарық көрді. С.Томановтың өлеңдеріне сазгерлер ән жазды.
Мектепте ақынның өмірбаянымен өлеңдерін таныс­тыру мақсатында кітапханашы А.Шаншарқұлованың ұйымдастыруымен «Жұлдыздан терем өлеңді» атты тақырыпта мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Оқушылар мәнерлеп, жатқа ақынның өлеңдерін оқыды. Әділ қазылардың қатысуымен өткен байқауда оқушылар 1,2,3 орындарды иеленіп, мақтау грамотасы мен сыйлықтар табысталды.
Сыршыл ақынның арманы мен мұраты қандай еді, ол орындалды ма, оның орындалуы үшін не істеу керек ? деген сұрақтарға жауап беру үшін «Соғады сен деп жүрегім» атты тақырыпта мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар мәнерлеп өлеңдер оқыды, информатика пәнінің мұғалімі Ж.Рақымжанова, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Б.Икежанова, педагог ұйымдастырушы К.Омаров ақынның сөзіне жазылған «Сезімді қайтем тулаған», «Аузынан айдын түскен қыз», «Соғады сен деп жүрегім» деген сөзіне жазылған әндерін орындады.

Әйтеке би атындағы орта мектебі

Leave A Reply

Your email address will not be published.