“Auto Skills” құзыреттілік орталығы ашылды

0

Тәуелсіздік күніне орай және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Жаңатас көпсалалы колледжінде “Auto Skills” құзыреттілік орталығы салтанатты түрде ашылды.

Аталған орталықтың ашылуы – техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды қадам. “Auto Skills” құзыреттілік орталығы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлауға бағытталған.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Жаркенов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Есмұрзаев, Жамбыл облыстық Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы А. Сапарғали, «Қазфосфат» ЖШС филиалы директоры С. Тұрсынбеков және аудандық ардагерлер кеңесі, салалық басқарма басшылары, әлеуметтік серіктес кәсіпорын басшылары, еңбек азаматтары қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жаңа құзыреттілік орталығының ашылуы өңірде білікті маман даярлаудағы маңызын атап өтті. Орталықтың ашылуы барысында орталықтың материалдық-техникалық мүмкіндіктері таныстырылып, оқу үдерісінде өндірістік тәжірибені тиімді ұйымдастырудың, дуалды оқыту жүйесін дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Auto Skills орталығының негізгі мақсаты автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, заманауи жаңа технологияларды меңгерген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, студенттердің тәжірибелік дағдыларын өндірістік оқыту арқылы дамыту, инновациялық техникалық шешімдермен жұмыс істей алатын жас мамандар санын көбейту, жергілікті кәсіпорындармен байланыс орнатып, дуалды оқыту элементтерін енгізу, аймақтың автомобиль қызмет көрсету саласын кадрлық жағынан қолдау және дамыту болып табылады.
“Auto Skills” құзыреттілік орталығы студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, заманауи автокөлік технологияларын меңгеруіне және еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.