Сауалнама жүргізілді
Әлем бойынша жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «Белсенді іс-қимылдың 16 күні» атты халықаралық акциясы өткізіледі. Аталмыш науқан зорлық-зомбылықтың алдын алып, отбасылардағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы аясында Жаңатас көпсалалы колледжінде студенттер арасында арнайы анонимді сауалнама жүргізілді.
Сауалнама мақсаты — жастардың зорлық-зомбылық туралы хабардарлығын, көзқарасын және көмек сұрау жолдарын қаншалықты білетінін анықтау.
Сауалнама барысында студенттер өз ойларын ашық білдіріп, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтындарын танытты.
Бұл — қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Біз әр жастың дауысы маңызды екенін еске салғымыз келеді. Зорлыққа жол жоқ. Әр үй — қауіпсіз, әр адам — қорғалған болуы тиіс.
Сәулет Есқара, «Sarysý»