Туған күнің құтты болсын, Астана!
Еліміздің мақтанышы «Астана»,
Сарыарқа да бой көтерген жас қала.
Келбетіңе көз тоймайтын көркіңмен,
Үлгі болып қала берші басқаға.
Бар әлемге қазақ елін танытқан,
Әсемдігің өзгермесін қалыптан.
Құшақ жая қарсы аласың біздерді,
Кездеріміз жоқ өзіңнен жалыққан.
Туған күнің құтты болсын «Астанам»,
Көрікті де, заманға сай бас қалам,
Қазағымның кең даласын тебірентіп,
Шырқалсыншы саған арнап асқақ ән.
Жырласыншы астанасын қазағым,
Дүбірлетіп туған күнін тойласын.
Ат шаптырып, бәйге қосып додаға,
Домбырадан күй күмбірлеп ойнасын.
Оң жағалау, сол жағалау Ертісім,
Астананы самал лебің желпісін.
Туған күні болып жатқан қаламның,
Тұла бойы қуаныштан серпілсін.
Ақ орда да туымыз да желбіреп,
Қуанышпен құттықтап тұр елжіреп.
Бәйтерегім бейбітшілік символы,
Оны да бір кетейінші белгілеп.
Астанамыз жарқырасын, жайнасын,
Қонып тұрған бақ басынан таймасын.
Сарыарқаның төсін емген қазағым,
Қоныс теуіп Ертіс бойын жайласын.
Болашағың жарқын болсын «Астанам»,
Еркін өссін сенде туған жас балаң.
Жүрегінде сақталасын елімнің,
Кезіміз жоқ сені ұмыта бастаған.
Туған күнің құтты болсын тағы да,
Еліміздің бас қаласы «Астана».
Отанымның жүрегісің деп білем,
Айыр бастап алалмаспын басқаға.
Мерекелік от шашулар шашылсын,
Көріктісің «Астанамыз» асылсың.
Бас қаланың туған күні тойлансын,
Көре алмаған көздің мысы басылсын.
Берікбек Есмұрзаев, жаңатас қаласы