Ауданымызда жаңа «отбасын қолдау орталығы» ашылды
Бүгінгі таңда отбасы-қоғамның ең басты тірегі. Әрбір азаматтың бақыты мен елдің болашағы мықты отбасылардың бірлігіне байланысты. Осы мақсатта ауданымызда «Отбасын қолдау орталығы» өз жұмысын бастады.
Орталықтың негізгі мақсаты-аудан тұрғындарына психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және педагогикалық қолдау көрсету. Мұнда мамандар отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту, ата-ана мен бала арасындағы түсіністі нығайту, дағдарыс жағдайындағы отбасыларға көмек көрсету бағытында тегін кеңес береді.
Орталықтар тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға мынадай:
1) ақпараттық, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету;
2) жұмысқа орналасуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға көмек көрсету;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;
4) мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша консультациялар беру;
5) бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұруды ұсыну қолдау шараларын көрсетеді.
Мекенжайы: Жібек жолы көшесі №31а. Білім беру мекемесі, 1-қабат, 4-кабинет. Байланыс телефоны: 87758759065; 87783381764 (тәулік бойы) Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-18:30
Сейсенбі, жексенбі демалыс.
Орталық қызметі барлық тұрғындарға ашық. Мұнда әркім өз мәселесін сеніммен бөлісіп, құпиялылық сақталады. Біз үшін бастысы-әр отбасының татулығы мен амандығы.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
«Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі