ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

0

Қазір құрылыс саласына және кез келген өндіріске дәнекерлеуші ауадай қажет. Электр дәнекерлеуші – металл бұйымдарды бір-бірімен электр доғасының көмегімен біріктіретін маман. Бұл мамандық өнеркәсіп, құрылыс, машина жасау, кеме жасау, мұнай-газ және энергетика салаларында өте жоғары сұранысқа ие. Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында “Біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады, — деген болатын. Ауданымызда да өзінің жұмысшы кәсібін шебер меңгерген, кейінгі жастарға үлгі болатын білікті мамандар баршылық. Солардың бірі — Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің дәнекерлеушісі — Жаңалық Атенбеков.
Атенбеков Жаңалық Баяндыұлы — 1961 жылы 13 қазанда Байқадам ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Түркістан индустриялдық техникумын, 1979-1978 жылдары Тараз, Талас спей техникумын дәнекерлеуші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Дәнекерлеудің қыр — сырымен танысқан болашақ маман еңбек жолын 1982 жылы Байқадам ауылындағы 40 жылдық мектебінде өнер оқу шебері мамандығы бойынша қызметтен бастаған. 1990 жылдан бастап Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде дәнекерлеуші қызметін абыроймен атқарып жүр.
Дәнекерлеу саласына 45 жыл аянбай еңбек етіп келе жатқан Жаңалық Баяндыұлы ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек етіп, өзін шеберлік қабілеті жоғары, білікті маман ретінде көрсетіп жүр. Ол жан — жақты, іскерлік қасиеті бар тиянақты әрі тәжірибесі мол, білімді маман ретінде әріптестері мен ауыл тұрғындарының арасында сый — құрметке ие.
-Дәнекерлеуші — бұл асқан жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Темірден түйін түйіп, дәнекерлеу ісін терең меңгеру бүгінгі күннің басты талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауы жұмысшылардың мәртебесін арттырудағы маңызды қадам, — деді Жаңалық аға.

«Sarysý»-АҚПАРАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.