Жаңа кітаптар оқырмандарына жол тартты

0

Жуырда жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбиннің Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асыру тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша Алматыдағы «Ана тілі» баспасынан «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» атты көлемді қиял-ғажайып ертегі хикаяттары жарық көрді. Жинақта автордың әр жылдары республикалық, халықаралық конкурстарда оза шауып бәйге алған алты туындысы, т.б. шығармалары енгізілген. Сонымен бірге соңғы республикалық «Құлагер» бәйгесінде мифофантастикалық жанр бойынша жүзден жүйрік шыққан»Ақбоз, Көкжал, Жансая апа және төрт ноян» хикаяты жинақтың ажарын барынша ашып тұр. Сонымен бірге оңтүстік астанамыз дағы «КітапБаспасы» баспасынан жазушының кезінде жас оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болған, осыдан тура қырық жыл бұрын отыз мың данамен жарық көрген «Кішкентай генералдар» повестер жинағын, сондай-ақ осыдан екі жыл бұрын жарық көрген өзгеше құрылымды «Өмір-иірім» роман-мозайкасы баспа басшылығы өздерінің ұсыныс ынтасымен қайтара басып шығарды. Жаңа басылымдар республика кітапханаларына, ынталы оқу орындарына, сауда мекемелеріне таратылады.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.