Ұлттық теңге — мақтанышымыз

0

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық теңге – мақтанышым» атты тақырыптық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Жаңадан айналымға енген ұлттық теңгемізді кеңірек таныстыру.

Іс-шарада тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі теңгенің пайда болуы мен енгізілуі жөнінде, ерте орта ғасырлардан бастап қазақ даласында сауда айналымында болған күмістен, алтыннан жасалған теңгенің даму тарихымен, теңгенің айналымға кіруі, кімдер жасауға үлес қосқаны жайында ақпарат берілді. Кешке қатысушылар төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен бейнеролик арқылы танысты. Шара барысында Ш.Сариевтің «Төл теңгеміз туралы», А.Асылбектің «Алтын теңге» атты өлеңдерін мектеп оқушылары Жұмабай Айғаным мен Мұратқызы Мадина оқып берді. Оқушылар жалпы ақша тарихы мен төл теңгеміздің өмірге келуі туралы қызықты мәліметтер алып, ұлттық валютаның тарихына байланысты құрылған викториналық сұрақтарға белсене жауап беріп отырды.
15 қараша – Қазақстан үшін ерекше маңызы бар күн. Бұл күні егемен еліміздің тәуелсіздігінің айрықша белгісі – ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізіліп, үлкен тарихи қадам жасалды.
Қазақ елі үшін мән-маңызы жоғары төл теңге — Тәуелсіздік тұғыры.
Бұл күн – халқымыздың тарихындағы маңызды белес, өз ақшамызбен еркін қадам басқан сәттің символы.
Теңгеміз әрдайым берік болып, еліміз өркендей берсін!

Гүлсағат Сәрсекеева,
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.