Кітапхана-білім мекені

0

Жаңаталап орта мектебі кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми -педагогикалық кітапханасы 17 қазан -17 қараша аралығында мектеп кітапханалары айлығын өткізуді ұсынуына байланысты «Кітапхана-білім мекені» тақырыбында кітапхана айлығы жоспар бойынша өткізілуде. Кітапхана айлығының мақсаты оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,кітапхана қызметі мен жобалармен таныстыру, оқырман мен кітапханашы арасындағы байланысты нығайту, рухани-дамуға ықпал жасау.
Шара барысында мектеп кітапханашысы Д.Оралованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы, « Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында оқушылар «Мен оқыған кітап» тақырыбында оқыған кітаптар желісінде кітаптың мазмұнын айтып жарысты. Сонымен қатар «Мәңгілік тұлға-ұлы Абай» тақырыбында ақын кітаптарына таныстырылым, бастауыш сыныптармен «Ертегілер елінде» ертегілер еліне саяхат жасап, күзгі демалыс кезінде отбасылық кітап оқу «Демалыста кітап оқимыз» тақырыбымен жалғасын тауып, «Әулиеата- кітап оқитын өңір» жобасы аясында «А.Асқаров мұрасы» кітап көрмесі, «Кітап-рухани қазына» кітапхана жобасы аясында жаңа кітаптар топтамасымен таныстырулар өткізілді.
Кітап-рухани азық,кітаппен дос болуды оқушылар дағдыға айналдырғаны дұрыс.Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы- кітап оқу. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, рухани-дамуына ықпал жасау басты міндетіміз.

Д.Оралова,
мектеп кітапхана меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.