Кезектен тыс сессия өтті

0

2025 жылдың 11 қараша күні сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 45-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның күн тәртібінде: Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №37-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Жамбыл облысы Сарысу ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы; Сарысу ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы және «Сарысу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы мен мәслихат депутаттары бірқатар сауалдарын қойды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков қазіргі таңда Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жолында, көркейту бағытында біраз жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, қала әкімі Ілияс Домалақовқа жаз мезгілінде қала көшелерін, тротуарларды, алаңдарды және басқа да жол және инфрақұрылымдық нысандарды суаруға арналған және қысқы маусымда инертті заттармен жабынды себу құралы ретінде де, қар, жолдарды тазалау жұмысын да атқаратын көп функциялы арнайы коммуналдық көлік сатып алуға қажетті қаржыны жоспарлау мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс айтты.
№10 сайлау округінің депутаты Оңласын Мұқашов түнгі мезгілде автомобиль жолдарында жол көлік оқиғасының алдын алу мақсатында малға арналған шағылыстыратын таспа болу қажеттігі туралы мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселесін бақылауға алып, аяғына дейін жеткізу қажеттігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес №1 сайлау округінің депутаты Мұратбек Есмұрзаевтың тарапынан ауылдық округтердегі жер учаскелері тиесілі елді мекендердің белгіленген шекарасында болу мәселесі жөнінде айтылды.
Көтерілген сұрақтар бойынша аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов түсіндіріп, баяндамашы және тиісті мекеме басшыларының тарапынан жауаптар берілді.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.