«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруда

0

Қазіргі таңда ел тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, артық қарыз жүктемесінен қорғау және азаматтарға нақты құқықтық, психологиялық көмек көрсету мақсатында «AMANAT» партиясы республика көлемінде «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асырып келеді.
Жобаның басты мақсаты – азаматтарға қаржылық қиындықтардың алдын алу жолдарын түсіндіру, қарыз дағдарысына жол бермеу және тұрғындардың банк, несие ұйымдарымен қарым-қатынасында заң аясында көмек көрсету.
Аталған жоба аясында ақыл-кеңес алу және қажетті құжаттық, құқықтық мәселелер бойынша тұрғындар тек төмендегі ресми байланыс нөмірлеріне жүгінуі қажет:
8700 855 85 85, 8708 808 01 54 – кіріс және шығыс қоңырауларға арналған байланыс желілері;
8700 023 01 44 – белсенді WhatsApp нөмірі.
Партия өкілдері тұрғындарға жоғарыда көрсетілген байланыс арналарының ғана ресми екенін ескертеді. Жобаға қатысты бөгде нөмірлерден келген хабарламалар мен сұранымдарға сенбеу, сондай-ақ жеке құжаттарды белгісіз тұлғаларға жібермеу сұралады.
«AMANAT» партиясының аудандық филиалы барлық азаматтарды өз құқықтарын қорғауда және қаржылық мәдениетті қалыптастыруда белсенді болуға шақырады.

«AMANAT» партиясының
аудандық филиалы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.