Жамбылдық құтқарушы «Айбын» I дәрежелі орденімен марапатталды

0

Қазақстан Президенті қызметтік борышын атқару кезінде ерлік пен жанқиярлық танытқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының кезекші офицері Шынболат Берікұлы Әзімбаев бар.
2007 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарып келеді. 2025 жылғы 7 қыркүйекте «Астана» шағын ауданындағы тұрғын үйдегі өрт кезінде ол 20 адамды эвакуациялап, үш баланы жеке өзі құтқарып қалды. Сондай-ақ оның басшылығымен «Жамбыл Полимер» зауытында өрттің таралуының алдын алу және 2021 жылы Байзақ ауданындағы жарылыстардың салдарын жою жұмыстары сәтті атқарылды.
Ерлігі мен кәсіби шеберлігі үшін Шынболат Әзімбаев Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Айбын» I дәрежелі орденімен марапатталды.

Жамбыл облысы ТЖД

Leave A Reply

Your email address will not be published.