Темір жол-қауіпті аймақ!
Жуырда Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында оқушылардың теміржол нысандарында өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Темір жол-қауіпті аймақ» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Абуованың ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Кездесуге Көліктегі ПД-нің Тараз станциясы Желілік полиция бөлімінің «Қаратау» станциясы желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Е.Майсупов, аумақтық жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Б.Джаркимбаев және Жаңатас станциясының бастығы Н.Төлегенов қатысты.
Оқушыларға нақты мысалдар арқылы темір жол бойындағы қауіп-қатер, тыйым салынған әрекеттердің салдары және құқықтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді. Пойыздың өтуін күтуде де абай болуларын ескертті. Теміржолға тым жақын тұрғанда, жылдамдықпен өтіп жатқан пойыздың тартылыс күшімен астына түсіп кету қаупі бар. Сондықтан, қорытындылай келе айтарымыз, «Теміржол әншейін жатқан жол емес, пойыз тежегіш қолданса, тез арада тоқтап қалатын автокөлік емес екенін ескерте келе, темір жол–қауіпті аймақ!» екенін тағы да бір қайталаймыз.
Қауіпсіздік – ең алдымен өз қолымызда!
«Sarysý»-ақпарат