Семинар өтті
Апта ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының және «Тараз» Әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Жамбыл облысының әлеуметтік — экономикалық дамуына бағытталған жергілікті кәсіпкер әйел азаматтарының мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында семинар жиын өтті.
Шараға Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңесінің төрайымы Ш.Кариева, Кеңес мүшесі, “Рысбаева и К” ЖШС директоры С.Рысбаева, «Тараз» Әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының бас маманы Қ.Жақанша, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің Коммерцияландыру кафедрасының меңгерушісі Ж.Танаев, Тараз қаласындағы “Форте Банк” филиалының клиенттерді қабылдау жөніндегі менеджері Виктория Хан, тиісті мекеме басшылары, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері қатысты.
Жиын барысында жұмысшы топ құрамы жергілікті кәсіпкер әйел азаматтарының мүмкіндіктерін кеңейту, олардың өнімдерін нарыққа шығаруға көмектесу және жергілікті брендтер арқылы аймақ экономикасын нығайту қызметін жергілікті тұрғындарға және кәсіпкерлерге таныстыру, аудандарға насихаттау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті ақпараттар берілді.
Семинарға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
С.Есқара,
«Sarysý»