Қарттарға құрмет- елге құрмет

0

Иә, қарттарын құрметтеп, қа­дір­леген ел, қазыналы ел. Қа­зақта «Ауылыңның қасында төбе болса ерттеулі тұрған атың, ауылында қария болса жазулы тұрған хатың» деген керемет пәлсапалық тұжырым бар. Қа­зы­налы ел болуға бет бұрған қо­ғам қарттарын ардақ тұтып, қарт­тардың, абыз ақсақалдардың ақыл кеңесін тыңдап, олардың өмір­ден көргені, білгендерін ес­тіп, жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, қолдан келгенше оларға құрмет көрсетіп, сый-сияпат жа­сай­ды. Біздің ауданымызда да қарттарға, жақсы үлкен аға буынға ізгі ниетті шаралар ат­қары­лып жатқанына аудандық ардагерлер кеңесі ризалық біл­діреді. Бұл істе жергілікті ат­қару­шы органдардың, мекеме, кәсіп­орындардың демеушілік іс-шараларын айтып өтуге болады. Осы орайда Сарысу аудандық ар­дагерлер ұйымында 5000-нан астам ардагер тізімде бар. Олар 1 аудандық, 1 қалалық және 9 ауылдық ардагерлер ұйым­дарына тұрғылықты жері бой­ын­ша тіркелген. Аудан­дық ар­дагерлер кеңесінің құрамын­да 25 ардагер бар. Осы арда­гер­лердің бос уақыттарын тиім­ді өткізуіне, отбасылық жағ­дай­ларының дұрыс болуына, ден­саулықтарының қалыпты бо­луы­на ардагерлер кеңесі мүм­кіндігінше көңіл бөліп, қажетті іс-шараларды атқарып отыра­ды. Осы мақсатта ардагерлер аудан көлемінде өткізіліп жатқан мәдени-көпшілік, мемлекет­тік ме­ре­ке­лік шараларға қаты­сып, қа­жет жағдайда ақыл-кеңес­­терін айтып отырады. Жыл сайын аудан әкімдігінің жә­не демеушілердің көмегімен қа­сиет­ті Түркістан қаласына 20-30 ардагер туристік сапармен бар­ып қайтты. Қасиетті Ораза айында, Құрбан Айт мерекесінде ауыз бекіткен ардагерлерге, қарт­­тар­ға бірнеше ауызашар, құр­­бан шалу ұйымдастырылады. ҚР Парламентінің депутаты Гүл­­дара Алданышқызы Нұрым­ова­ның қолдау-демеуімен «Меркі- Ме­йі­рім» шиапажайына 20 ар­­да­герді 50 пайыздық жеңіл­дік­пен демалуға, ем-дом алуға мүм­кін­­дік жасадық. Үстіміздегі жылы ау­­даны­мызда ҰОС жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай «Жеңіс туы желбіресін» атты аудандық фестиваль өткізілді және облыстық ардагерлер фестивалінде біздің ардагерлер вокаль, хор және ұлт аспаптар ансамблі номинациясында бас жүлдеге ие болғанын ризалықпен атап өтуге болады. Жылда қарттар күніне орай ардагерлер арасында аудандық спартакиада өткізіліп тұрады. Биыл да 30 қыркүйек күні дәстүрлі спартакиада өтпекші.
Жақын арада мемлекет бас­шы­сының «Заң мен тәртіп» жө­нін­­дегі бастамасын қолдаған ау­дан, қала әкімдіктерінің ұйым­дас­­тыр­ған 20-дан астам оқу ор­ын­­дар­ындағы жиналыстарға қа­тыс­ты. Ардагерлер аталмыш жиналыс­тарда қоғамдық тәртіпті сақтау, үлкенді сыйлау, кішіге ізет жасау, отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы өздерінің өмірден көрген-білгендерінен көңіл­­ге түйгендерін сөз етті. Ал­дағы уақытта бұл шара жалға­сын табатын болады.
Аудандық ардагерлер кеңесі белсенді өмір салтын ұстанып, мә­дени көпшілік шараларды ұйым­дастыруға жақсы атсалысып жүрген ардагерлерді «Сарысу ау­данының құрметті ардагері» деген төсбелгімен, Құрмет грамота­ларымен, Алғыс хаттармен және мерекелік сый-сияпаттармен ма­ра­паттап отырады. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер ұйы­мы­ның марапатына ұсыныс береді.
Аудан көлемінде жақсы жұ­мыс жүргізіп отырған ауылдық округ ардагерлер ұйымдарының жұмыстарын атап өтсек, олардың қатарында Жайылма ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Құрманбеков Еркін, Байқадам ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Төлмағанбетов Арқа­бай, Жаңаталап ауылдық арда­герлер ұйымының төрағасы Пер­небеков Дүйсенбек, Игілік ауыл­дық ардагерлер ұйымының төрағасы Нәшірбаев Мұсахмет, Ә.Бүркітбаев ауылдық ардагер­лер ұйымының төрағасы Жылқы­баев Мәлікомар, Жаңатас қала­лық ардагерлер ұйымының төр­­ағасы Орымбаев Жұмалі бар.
Қазан айының алғашқы күні Халықаралық қарттар күні. Бұл күн – өмірінің әрбір сәтін елі мен жеріне арнап, ұрпағының бо­лашағы үшін тер төккен ардақты қарияларға деген құрметтің белгісі.
Қарттар – елдің шежіресі, ұлт­тың ұлағаты. Олардың жүріп өткен өмір жолы, елге сіңірген еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Ұлт болашағын ойлаған, ел мүддесін биік қойған данагөй қариялар – мемлекеттің рухани тірегі. Еліміздің тыныштығын, ұрпақтың тәрбиесін, салт-дәс­түр­­дің сақталуын қарттарымыз қашан да назардан тыс қалдыр­ған емес.
Мемлекет қарт азаматтарға қолдау көрсету ісіне үлкен мән беріп келеді. Зейнетақыны өсіру, әлеуметтік көмек, медици­налық қызмет көрсету және қоғам өмірі­не белсенді аралас­тыру ба­ғытында түрлі бағдар­ла­ма­лар жүзеге асуда. Бұл–қарт­тары­мыз­дың құрметке лай­ық екенін білдіреді.

Серік Аппазов,
Сарысу аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.