Ақылды қария, ағып жатқан дария

0

Қазақ халқы қарттарын әрдайым ерекше қадірлеген, үлкенге құрмет көрсетуді өмірлік ұстаным еткен. «Қарты бар үй – қазыналы үй» деп тегін айтпаса керек. Қарттар – өткеннің куәсі, өмірдің мектебі, ұрпаққа бағыт берер шамшырағы. Олардың жинаған тәжірибесі мен өмірлік ақыл-кеңестері – кейінгі буын үшін баға жетпес мұра. Бүгінгі таңда да қарттарға деген құрмет – қоғамымыздың рухани деңгейінің көрсеткіші.

Осы орайда 1990 жылғы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның Бас Ассамблеясында 1 қазан Халықаралық Қарттар күні ре­тінде ресми бекітіліп, 1991 жылдан бері тойланып келеді. Бүгінде елі­мізде 2,3 миллионнан астам қарт бар. Аталған мерекенің мақсаты– қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арт­тыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді.
Жыл сайын аталған мереке күні құзырлы органдар және облыс, қала, аудан әкімдері, жекелеген мекеме-кәсіпорындар қарт­тар­ды құт­тықтап жатады, түрлі форматта мерекелік шаралар ұйымдас­тыры­лып келеді. Бұл үрдіс Сарысу ауданында да лайықты жалғасын табуда. Осы орайда аудан әкімі Сәкен Мамытовтың бастамасымен, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен жүйелі жұмыстар атқарылуда.
-Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қазыналы қариялардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан өлшеусіз үлестерін мойындау белгісі ретінде жыл сайын 1-қазанда Халықаралық Қарт­тар күні аталып өтуде. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген. Күнтізбеміздегі дәл осындай мерекеге орай, Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақылды қария, ағып жат­қан дария» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Осы орайда аудан көлемінде орналасқан ең ірі алпауыт өндіріс орындары «Казфосфат» ЖШС «Каратау» ТКӨК филиалының директоры Ә.Ш.Ералиев, «ЕвроХим-Каратау» ЖШС-нің директоры И.Ю.Георгиади және «Бәрі Бар» сауда орталығының басшысы А.Д. Мейрбековтің демеушілік жасағанын айрықша атап өтуіміз керек. Мереке аясында бөлімшеде есепте тұрған 120 қарт зейнеткерге арнайы дайындалған азық- түлік себеттері тапсырылып, құрмет көрсетілді,- дейді Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлі­мінің басшысы Қанат Тілеубаев.
Іс-шара барысында қызмет алушылар Рысбике Смайлова, Жібек Домбаева, Галина Дятлова ұйымдастырушылар мен демеушілік көр­­сеткен жеке кәсіпкерлерге үлкен ризашылықтарын білдіріп, алғыс­тарын айтты. Есепте тұрған барлық жалғызілікті қарттарға әлеуметтік қызметкерлер тарапынан аулаларын тазарту мен қыстық дайындық жұмыстарына көмектесу, дәрі-дәрмектері мен азық-түліктерін уақы­тылы жеткізу сияқты қызметтер тұрақты түрде орындалып келеді.
Жалпы, Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 28 қызметкер еңбек етеді. Атап айтқанда 1 бөлімше меңгерушісі, 2 әлеуметтік жұмыс жөніңдегі консультант, 25 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. 2025 жылғы қыркүйек айындағы мәлімет бойынша Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 120 жалғыз басты зейнеткер қызмет алады.
Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері де бірнеше бағытты қамтиды. Нақты айтқанда «Әлеуметтік – тұрмыстық қыз­мет­тер», «Әлеуметтік – медициналық қызметтер», «Әлеуметтік – психологиялық қызметтер», «Әлеуметтік – педагогикалық қызмет­тер», «Әлеуметтік – еңбек қызметтері», «Әлеуметтік – мәдени қыз­мет­тер», «Әлеуметтік – экономикалық қызметтер», «Әлеуметтік– құқық­тық қызметтер» қамтылған.
Үйде қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызметкерлер тиісті қызметтердің барлығын ұсынады. Мысалы, әлеуметтік қызметтер қатарына төсектен тұруға көмектесу, төсекке кіру, киіну және шешіну, жуу, тамақтану, дәретхананы немесе қайықты пайдалану, айналада тұру, тістерге немесе протездерге қарау, көзілдірік немесе есту аппараттарын тағу, тырнақ алу, сақал-мұрт құру сияқты міндеттер кіреді. Әлеуметтік қызметкерлер қамқоршыларына маңызды тамақ сатып алуға және тамақ дайындауға көмектесуі керек. Жеке үйлерде тұратындар үшін стандарт — пешті жылытуға, отын, көмір мен су жеткізуге көмектесу. 1 рет келу үшін 30 келіге дейін отын мен көмір, 30 литрге дейін су жеткізіледі. Стандартқа сәйкес әлеуметтік қызметкер палатаға тұрғын үй-жайларды жөндеу мен жинауды ұйымдастыруға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көмектеседі. Сонымен қатар, егер жууға, химиялық тазалауға немесе жөндеуге арналған заттарды тапсыру қажет болса, онда әлеуметтік қызметкер мұны істеуі керек, содан кейін заттарды қайтарып алу қажет. Стандарт сонымен қатар үйден тыс жерде сол елді мекенде денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелеріне дейін алып жүруді қарастырады.
Әлеуметтік және медициналық қызметтерге алғашқы медици­налық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде көмек, курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық және есту аппараттары, дәрігерді үйге шақыру және денсаулық сақтау ұйымында палатаны ертіп жүру, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды патронаттық қадағалау кіреді. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға сүрту, жуу, гигиеналық ванна сияқты санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтер әңгімелесу, қарым-қаты­нас, тыңдау, мадақтау, белсенді болуға ынталандыру, отбасы мүше­леріне психологиялық көмек көрсету сияқты бағыттарды қамтиды.
Ал әлеуметтік-педагогикалық қызметтер мүмкіндігі шектеулі ба­ла­ларға арнайы білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға көмектесу, балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйге бағдар, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары, жеке гигиена, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау негіздерін үйрету, өзін-өзі бақылау сынды функциялардан тұрады.
Әлеуметтік-еңбек қызметтеріне тірек-қимыл аппараты бұзыл­ған балаларды, мүгедек адамдарды кәсіптік бағдарлау, қызмет алушы­ларға және олардың отбасы мүшелеріне үй еңбегін ұйымдастыруда кеңес беру, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жатады.
Сонымен қатар әлеуметтік-мәдени қызметтердің де тиімділігі мол. Мұнда мерекелер мен бос уақытты ұйымдастыру, экскурсиялар, театрларға, кинотеатрларға бару, көрмелер, концерттер тамашалау тәрізді бағыттар қолға алынған. Бұл іс-шаралар тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады, оны үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы бекітеді. Сондай-ақ, стандарт үйірме жұмыстарын ұйым­дастыру мен өткізуді қарастырады. Әлеуметтік-экономикалық қыз­меттер жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар, алименттер және басқа да төлемдер алуға, материалдық жағдайды жақсартуға жәр­демдесуге негізделген.
Бұдан бөлек әлеуметтік-құқықтық қызметтердің де көмегі көп. Яғни, іс қағаздарын жүргізуге, сенімхатпен (қажет болған жағдайда) жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер алуға жәрдем беріледі. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін және қамқоршыларының заңды құқықтарын бұзатын немесе бұзатын ұйымдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы шағым жазуға көмектесуі керек. Стандартта қызмет алушыларға заң көмегін көрсетуде және адвокаттың тегін заң көмегін алуда жәрдем көрсету көзделген. Сондай-ақ, қамқорлыққа алынған адамға қатысты отбасында физикалық және психикалық зорлық-зомбылық жасалған жағдайда әлеуметтік қызметкер кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдем көрсетеді.
Қарттарға қамқорлық көрсету — әрбір азаматтың адамгершілік парызы және ұлттың рухани байлығының көрсеткіші. Өмірінің көп бөлігін қоғам мен ұрпақ тәрбиесіне арнаған қариялар бүгінгі күні қамқорлық пен құрметке әбден лайық. Оларға жылы сөз, шынайы ілтипат пен нақты көмек көрсету-тек отбасы аясында ғана емес, бүкіл қоғам деңгейінде жүйелі жүзеге асырылуы тиіс. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан лайықты қамқорлық көрсетіліп келеді. Жарқын істер ары қарай да жемісті жалғаса беретіндігіне сенім мол.

«Sarysý» ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.