Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі — басты назарда
Біздің алдымыздағы ең басты мақсат – балаларға сапалы білім беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін барлық қажетті жағдайды жасауға міндеттіміз. Бала қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім-білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін қоғамдағы жағымсыз әдеттерден аулақ болуды ұсынды. Қоғамды жайлаған бес кеселмен, атап айтқанда, есірткі саудасы және нашақорлықпен, лудоманиямен, тұрмыстық зорлық — зомбылықпен, буллинг және агрессиямен, вандализм, ысырапшылдықпен бүкіл ел болып күресуге, тосқауыл қоюға шақырды. Бұл ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды құрал» деп жас ұрпаққа тәрбие беру жұмысын күшейтуді, олардың бойына адами құндылықтар мен қасиеттерді сіңіруді тапсырды.
Осы орайда, аудандағы мектептерде Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі жөніндегі кездесулер өтті. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша арнайы жұмысшы топ құрылып, жоспарға сәйкес үш топқа бөлінген болатын.
Кездесуде аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі, қоғамдық кеңес, аудандық алқа би ардагерлер төрағасы, ата-аналар комитеті қатысты.
Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, топтық төбелес, суицидтің, кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, түнгі уақытта жалғыз жүру, әлеуметтік желідегі теріс ақпараттардың жастардың дамуына кері әсерін тигізу және тағы басқа өзекті мәселелер бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ еліміздің айқын мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру туралы мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, бала мен ұстаздардың арасындағы байланыс, баламен жұмыс жасаудағы тәжірибе алмасудың маңыздылығы жайлы тұщымды ойлар ортаға салынды.
Сәулет Есқара,
«Sarysý»