Жарқын болашаққа қадам

0

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдауда елдің даму стратегиясының жаңа кезеңдері, соның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, цифрландыруды жеделдету және саяси жүйені жаңғырту мәселелері қамтылды. 

Президент өз сөзінде экономиканы әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік салаларды дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған басым міндеттерді айқындады. Сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылықты сақ­тау мен мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Жолдау барысында Мемлекет басшысы ел дамуы үшін маңызды бағыттарға тоқталды. Соның ішінде ерекше мән берілген тақырыптардың бірі-жасанды интел­лектіні дамыту және цифрлық жаңғыру мәселелері болды. Бұл бағыттар қазіргі заман­ның негізгі талаптарына сәйкес елдің тұрақты өсімі мен өркендеуінің кепілі ретінде айқындалды.
Саяси жүйе-2027 жылы Парламентті бір палаталы ету мәселесі референдумға шығарылады.
-Кадр саясаты-шетелдегі білікті мамандарды елге қайтару бағдарламасы іске қосылады.
-ТКШ-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүйелі өзгерістер болады.
-Цифрландыру-цифрлық активтер экожүйесі құрылады, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ашылады.
-Аймақтық даму-Алатау қаласына арнайы мәртебе беріліп, тікелей Үкіметке бағынады.
Президент Жолдауы-еліміздің дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжат.

М. Әлжанов,
Саудакент ауылындағы Техникалық
шығармашылық орталығының директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.