Бағдарламалық құжат
2025 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің саяси өміріндегі айтулы оқиғаға айналды. Оны тек есеп немесе бастамалар тізімі ретінде ғана қарастыруға болмайды-бұл мемлекетте болып жатқан ауқымды өзгерістерді көрсететін және болашаққа жаңа бағдарлар белгілейтін бағдарламалық құжат.
Президент жаһандық сын-қатерлер мен тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан алға жылжуы тиіс екеніне баса назар аударды. Ол биліктің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз ету миссиясын нақты белгіледі. Бірақ бұл жолы әңгіме тек бір сәттік шаралар туралы болған жоқ-Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ мерзімді стратегияны ұсынды, оның негізінде әділдік, заңдылық және халықтың өз күштеріне деген сенім жатыр.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы шешімге ерекше назар аударды. Бұл жай ғана жаңа құрылым емес-бұл бүкіл қоғамға сын-қатер және сигнал: Қазақстан цифрландыру мен инновациялар абстрактілі ұранға айналмайтын және күнделікті өмірдің бір бөлігі болатын елге айналуға ниетті.
Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы-цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі. Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді. Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды.
Д.Шортанбаев,
аудандық сайлау комиссиясының төрағасы