Жолдау-еліміздің дамуының жаңа кезеңіне жол ашады
Президенттің 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте халыққа дәстүрлі жолдауын жасады.
Жолдаудың негізгі бағыттары:
• 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды;
• “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына 10 млн-нан астам адам қатысып, экологияны қорғау басты назарда;
• Аграрлық экспорт пен логистика: Вьетнамға алғашқы қазақстандық бидай жеткізілді, жаңа нарықтарға жол ашылуда;
• Цифрландыру: “Smart Cargo” бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі;
• Ауыл шаруашылығы: 2026 жылдың ортасына дейін бос жатқан жерлерді ауыл шаруашылығына беру тапсырылды.
Президент Жолдауы-Әділетті Қазақстан құру жолындағы нақты қадамдар мен халық игілігіне арналған стратегиялық шешімдер. Сондай-ақ Ел Президенті білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат және экономиканың негізгі салаларын қамтитын ауқымды бастамаларды ұсынды.
Атап айтқанда:
• 2026 жылға дейін 1000 жаңа мектеп салу міндеті қойылды;
• Оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Өрлеу» ұлттық жобасы жүзеге асырылмақ;
• Медициналық инфрақұрылымды дамытуға 1,5 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылады;
• Мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңімен өсіріледі.
Бұл бастамалар еліміздің тұрақты дамуына және адами капиталдың сапасын арттыруға бағытталған.
Біз, білім беру саласының өкілдері, бұл реформаларды толық қолдай отырып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау жолында аянбай еңбек етеміз.Президент Жолдауы-ел дамуының нақты бағдары!
Нарсұлу Рустамова,
Сарысу орта мектебінің директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары