Президент Жолдауы-ел болашағына сенімді қадам
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің дамуына арналған кезекті Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау ел болашағын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады. Президентіміз халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсім, цифрландыру, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларындағы жаңашылдықтарды қамти отырып, білім және жастар саясатына ерекше тоқталды.
«Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық.
Президентіміздің Жолдауында жасанды интеллектті пайдалану арқылы білім беруді жаңғырту, оқу сапасын арттыру, оқушыларды технологиялық біліктілікке дайындау міндеті қойылды.
Жолдауда көтерілген мәселелер мен бастамалар білім саласына да тікелей әсер ететіндіктен, мектеп мұғалімдері арасында арнайы талқылау өткізіліп, онда цифрлық білім беру, жаңа технологияларды оқу процесіне енгізу және педагогтардың біліктілігін арттыру жолдары қарастырылды.
Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді. Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындады. Президент цифрлық технологиялар саласына ерекше назар аударды. Смарт-карго жүйесін енгізу арқылы жүк тасымалы жеңілдетілмек. Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық даму министрлігін құру жоспарланып отыр. Бұл Қазақстанның цифрлық елге айналуына негіз болмақ.Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Бұл еліміздің дамуына үлкен қадам!Жолдауда әлеуметтік көмек алушылардың саны артып келе жатқанына назар аударылды. Мемлекет шын мәнінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге басымдық бермек. Сонымен бірге кәсіби кадрларды елге тарту, көші-қон саясатын жаңарту қажеттілігі айтылды.
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл бастама техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеріп, жастарды еңбекқорлыққа баулуды көздейді.
Қазақстанда екінші және үшінші атом электр станцияларын салу мәселесі көтерілді. Бұл – елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін ірі қадам. Сонымен қатар көлік-логистика жүйесін дамытуға, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды.
Жолдау – Қазақстанды жаңа даму сатысына көтеруді көздейтін ауқымды құжат. Ол саяси реформаларды, экономикалық жаңғыруды, цифрлық трансформацияны және әлеуметтік әділеттілікті тоғыстырып отыр. Президенттің бастамалары халықтың өмір сапасын жақсартуға, елді әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыруға бағытталған.
Лаззат Абуова,
М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары