Қазақстан дамуының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің алдағы жылдардағы даму басымдықтарын айқындады.
Жолдауда білім беру, денсаулық сақтау, ауылды қолдау, цифрландыру, экология және инфрақұрылымды дамыту сынды маңызды бағыттар қамтылды.
«Қолайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ордалары бой көтеріп, жастар үшін кең мүмкіндіктер ашылуда.
Ауылдарда медицина сапасы артып, жаңа ауруханалар мен фельдшерлік пункттер салынуда.
Цифрлық трансформация халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады.
Экология саласында жасыл энергетикаға басымдық беріліп, табиғатты қорғауға жаңа көзқарас қалыптасуда.
Жолдауда басты назар – жасанды интеллектті тиімді пайдалану, цифрлық трансформацияны жеделдету және осы арқылы еліміздің экономикалық қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеру мәселелеріне аударылды.
Бұл стратегиялық құжат Қазақстанның жаңа кезеңдегі даму бағдарына жол ашып, инновация мен білімге негізделген қоғам құруға серпін береді.
Бұл Жолдау – еліміздің тұрақты дамуы мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар жоспары.
Е. Ұзақбеков, аудандық жер
қатынастар бөлімінің басшысы