Ұсыныс-пікірлер айтылды
Осы аптада аудандық «Коворкинг» орталығында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ отырысы өтті.
Жиынға жұмысшы топ мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ауданымыздың дамуына, тарихына, мәдениетіне айрықша еңбек сіңірген азаматтарды «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу туралы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова баяндама жасап, түсіндіріп өтті.
Жиын барысында «Тарихи тұлғалар» тізіміне ұсынылған тұлғаларды мерзімінде облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын рәсімдеу туралы бірқатар ұсыныс — пікірлер айтылып, мәселелер талқыланды.
Сәулет Есқара,
«Sarysý»