Балалар ойын алаңшасы ашылды

0

Ауданымызда балалардың қолайлы өмір сүрулері үшін жағдайлар жасалынуда. Қала, ауылдық округтерде балалар ойын алаңшалары ашылып, ел игілігіне берілуде. Осыған орай Жайылма ауылдық округіне қарасты Маятас елді мекенінде балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты басқосуда Жайылма ауылдық округінің әкімі Ж.Смағұлов, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Дүз­кенов, Жайылма ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Құрманбеков, Мая­тас ауылдық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Н.Қойшыбаевтар құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты түрде ашылу лентасын қиды.
Балалардың бос уақытын тиімді өт­кізуіне, денсаулығын нығайтуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа заманауи ойын алаңша.
Жаңа ойын алаңшасы қазіргі за­ман­­ғы қауіпсіздік талаптарына сай жаб­дық­талған. Мұнда әткеншектер, сырға­нақ­тар, өрмелеуіштер және балаларға ар­­налған басқа да ойын құрылғылары ор­на­тылған. Барлық құралдар сапалы ма­териалдардан жасалған және ба­ла­лардың жас ерекше­ліктеріне бейімдел­ген.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.