Ауылдық кітапханада

0

Өлкеміздің әдебиетінің, мәдениетіні, өнерінің және т.б. салаларын дамытуға үлес қосқан жандардың үлгілі өмір жолын, шығармашылығын, қажырлы еңбегін ел ішінде жыл бойы және кең ауқымда насихаттау мақсатында Ақтоғай ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен қоғам қайраткері,Ұлы Отан соғысының ардагері Ұзақбай Сыздықбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қоғам қайраткері Ұзақбай Сыздықбаев» атты өлкетану кітап көрмесі өтті.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері, ауданымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ұзақбай Сыздықбаевтың өмірі мен қызметін насихаттау.
Көрмеге: Пернебай Дүйсенбиннің «Сарысунама», «Зерде» кітаптары, сонымен қатар баспасөз беттеріне шыққан мақалалар және суреттер қойылды.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы 2024 жылдың көктемінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен бастау алып, бүкіл ел аумағында жалғасқан кең ауқымды шараға айналды. Бұл акцияның негізгі мақсаты-табиғатты тазарту ғана емес, халық арасында жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру болатын.
Ақтоғай ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Мен бұл ауылда тұрамын, мен бұл ауылды білемін» атты ауылда көркейту-көгалдандыру және экологиялық іс-шара өтті. Кітапхананың айналасын тазалау, санитарлық тәртіп орнату және ауылдың сыртқы келбетін жақсарту. Кітапханашы Жазира Сапарбаева өз қызметкерлерімен және өз еңбектерімен туған ауылының дамуы мен өзгеруіне үлес қосатын ауыл тұрғындарымен күш-жігерлерін біріктірді. Бұл игі бастамалар-ауыл халқы үшін жайлы орта қалыптастыруға, ауылдың ажарын ашуға бағытталған қадамдар. Бұл тек қана тазалық емес, біздің ауылымызға деген жанашырлығымыздың, бір-бірімізге деген қолдауымыздың көрінісі.
Ақтоғай ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен «Туған өлке-тұнған шежіре» атты өлкетану сағаты өтті. Мақсаты: Жас ұрпақтың туған жер тарихы туралы түсініктерін кеңейту, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, тарихи тұлғаларды үлгі ету. Шара барысында кітапхана қызметкері Жазира Сапарбаева оқырмандарға жерлес жазушылардың ауыл тарихы, ауылымыздың елеулі тұлғалары жайлы жазған кітаптары таныстырылып, тарихи жерлер жайлы мағұлматтар берілді. Өлкетану сағатында өлкеміздің киелі тарихи орындары туралы тарихи деректер, аңыз-әңгімелер баяндалды.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.