Кітапханаға құнды сый

0

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қоры тағы да құнды дүниелермен толықты. Бұл жолы белгілі қаламгер-журналист, қоғам қайраткері Байбол-Бергентай Нұрмаханұлы қаламынан шыққан бірқатар әдеби еңбектерін аудан кітапханасына тарту етті.

Қаламгердің оқырманға тарту еткен кітаптары:
«Өткен күннің өкініші»
«Өгей өмір»
«Тапқырлықтың данасы»
«Ол көктем оралмайды»
Әдебиет-халықтың рухани байлығы. Қаламгердің шығармалары тағылымға толы өмір шындығын арқау ете отырып, оқырманын терең ойға жетелейді, тағылымды тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді. Әсіресе жастарды ізгілікке, адалдыққа, отансүйгіштікке баулитын бұл еңбектердің алар орны айрықша.
Кітапханаға сыйға тартылған бұл асыл қазыналар қорымызды байытып қана қоймай, оқырманға жаңа серпін сыйлайтыны сөзсіз. Әрбір кітап – оқырманға рухани азық, ой өрісін кеңейтетін құндылық.
Кітапхана ұжымы атынан Байбол-Бергентай Нұрмаханұлына шынайы алғысымызды білдіреміз! Халық игілігіне арнаған әр еңбегіңіз жас ұрпаққа өнеге, болашаққа бағдар болсын. Жақсылығыңыз еселеніп, абыройыңыз асқақтай берсін!-дегіміз келеді.

Аяулым Досаева,
аудандық орталықтандырылған кітапханалар
жүйесі директорының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.