Мектеп-кеме, білім-теңіз

0

«Жаңатас қалалық аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 қыркүйек жаңа оқу жылының басталуына орай «Мектебім-менің мекені» атты тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Жиынға аула клубына қарасты екінші мөлтек ауданында орналасқан спорт алаңында азанғы ауысымнан 120 бала қатысты.

Жиын Мемлекеттік Әнұранмен бас­тал­ды. Жаңа оқу жылымен мекеме орын­басары Бақыткүл Баймағамбетова құт­тықтап өтті. Тұрсынбай Маржанның орындауында «Ұстаз — ана», Әбіш Несі­белінің орындауында «Үйретеді» әндері шырқалды.
Әр топтың балалары үш тілде тақ­пақ­тарын орындады. Балалар мен мұға­лімдердің қолдарынан шыққан туындыларынан көрме ұйымдастырылды.

Г. Шонбаева,
Бұқаралық бөлім меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.