Ерліктері ұмытылмайды

0

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тоғызкент ауылдық округінде Тоғызкент және Досбол ауылдық округтері өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Желбіре, Жеңістің жалауы» атты өнер фестивалі өтті. Фестивальге қатысушылар алдымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөз сөйледі.
-Біз батыр бабаларымыз бен ардагер аталарымызға бейбіт күн үшін құрмет көрсетеміз. Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған жандардың ерлігі мәңгілік жадымызда сақталады. Жеңіс туы көкте желбіреп тұрсын,-деп ата-бабаларымыздың сұрапыл соғыс кезіндегі көзсіз ерлігі мен жанқиярлығының арқасында бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылыққа, даму мен өркендеуге қол жеткізгенімізді ерекше атап өтіп, ізгі тілегі мен ықыласын білдірді.
Тоғызкент және Досбол ауылдық округтерінің өнер­паз­дары өнерлерін көрсетті. Кеш шымылдығын ашқан «Май­данға хат» көрінісі көпшілікті әсерге бөледі. Сондай-ақ, өнер фестивалінде көрмелер қойылып, ұлтымыздың құндылықтары насихатталды. Фестиваль барысында ауыл өнерпаздары өнерлерін көрсетсе, кітапхана қызметкерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кітап көрмесін ұсынды. Сондай — ақ, бишілер мың бұрала билеп, көрермендердің ықыласына бөленді. Аталмыш фестивальде ауылдың өнерпаздары ұлттық домбыраны нақышына келтіріп, дәстүрлі әндерден шашу шашса, оқушылар мың бұрала би билеп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.