Майдангердің ұрпағымыз
«Тепсе темір үзетін» жас жігіт Шардарбек Есіркепов 1936 жылы 20 қыркүйекте әскер қатарына шақырылды. 1939 жылы Халкин-Гол соғысына қатысты. Ол 1941 жылы Жамбылда жасақталған 105-атты әскерлер дивизиясының құрамында майданға аттанады.
1942 жылдың қараша айында Сталинград майданының солтүстігінде жаумен арпалысқан шайқасқа түсті. Сталинград сияқты аты аңызға айналған ұлы қаланы азат етуге қатысты. Кеңес әскері үшін аз ғана адамдардың маңдайына жазылған. Солардың бірі-сержант Шардарбек Есіркепов болатын.
Соғыс жылдары жаудан Сталинградты азат еткеннен кейін ол орталық майданының құрамында Украина жері үшін күресті. Ростов қаласы үшін болған жойқын шайқаста Ш.Есіркепов ерліктің үлгісін көрсетті. Осы жерде ауыр жараланды. Үш ай далалық госпитальда емделген Ш.Есіркепов өзі сұранып, майданға қайтадан аттанды.
Харковты азат етуге аяқталған соң 1943 жылдың 1 қаңтары, таң ала кеуім. Аяз 40 градустан жоғары. Осы кезде таңғы тыныштьқты бұзан фашистердің екі «Тигр» брондальған танкілері біздің шебімізге қарай өтуге өңмендеп келе келе жатты. Зеңбірек командирі, оқтаушы Ш.Есіркепов, көздеуші жас орыс жігіті ажал отын бүркіп келе жатқан темір тажалдан қорқып қашқан жоқ. Хас батырларша қасқайып тұрып жау танкілерін 130 метрге дейін жақындатты. Танкілердің ажал тілеп шықырлаған шынжыр табандарының үні төбе құйқаны шымырлатады. Үш жас жігіт бір жарым минуттың ішінде екі танкіні екі снарядпен отжалынға орады. Танк экипажы темір құрсаудан шығалмай өз қандарына тұншықты.
Харков қаласы түбіндегі көрсеткен ерлігі туралы майдандық «Красная звезда» газеті өзінің 1943 жылғы 12 шілдедегі мақаласында былай деп жазды.
Харков қаласындағы трактор жасау заводын жаудан азат ету кезінде сержант Шардарбек Есіркепов жауынгердің нағыз болаттай берік ерлігін көрсетті. Жаудың өзеннен өтіп келе жатқан оннан аса солдатын пулемет оғымен жер жастандырды.»
Соғыстан кейін 40 жылға жуық уақыт Ш.Есіркепов аудандық газеті саласында жемісті еңбек етті. Көзі тірісінде кімнің қай жылы туғанын дәлме-дәл айтады деп жиі еститінмін. Атам әрдайым жастар арасында сонау Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары туралы естеліктерін айтып беруші еді. Қарт жауынгер 2006 жылы дүниеден озды. Аллаға шүкір, әке орнына әке бола білген Ш.Есіркеповтен тараған ұрпақтар үлкен бір бәйтерек десем артық айтқаным емес шығар.
А.Есіркепов,
аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейінің
кіші-ғылыми қызметкері