Мектебім — мейірім мекені

0

1 қыркүйек күні, ауданымыздың барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шаралар өтті. Мектептерде мерекелік жиындар, сынып сағаттары мен арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Сәкен Мамытов ауданы­мыздың қара шаңырағы Саудакент ауылындағы Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінде болып, ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды Білім күні мерекесімен құттықтады.
— Білім-адам баласының өмірлік серігі, өз тағдырының тұғыры болса, білімді, тәрбиелі ұрпақтың бастауы-бі­лім ошақтары. Еліміздің өсіп-өркендеуі-ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына, мектеп біліміне тікелей бай­ланысты. Сондықтан да, білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі,-деп ұстаздар мен оқушыларға жаңа жетістіктер мен ізденістер, шығармашылық табыстар тіледі.
Иә, ауданымыздағы іргелі білім ошақ­тарының бірі-Байқадам Қашқын­баев атындағы орта мектебіне «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағ­дарламасымен күрделі жөндеу жұ­мыс­тары жасалып, жаңа оқу жылында пайдаланылуға беріліп отыр. 520 орындық мектепте 318 оқушы білім алады. Мұнда шахмат, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, футбол, баскетбол, «Айбын» әскери патриоттық және бокс үйірмелері жұмыс жасайды.
Салтанатты шара оқушылардың ме­ре­келік сазды бағдарламасымен жал­ғасты.
Іс-шарада оқушылардың ойлап тапқан робототехникалары және күн­нен қуат алатын жылы жайдың макеті, бұйымдар көрмеге қойылды.
Сондай-ақ аудан басшысы аталмыш мектепті аралап, жай-күйімен танысты.
Аудан мектептерінде өткен салта­натты шараларға аудан әкімінің орын­басарлары, аудандағы мекеме және кәсіпорындардың басшылары қаты­сып, оқушыларды мерекелерімен құттық­тады. Аудан әкімінің құттықтауын жет­кізді.

Камели Сүлейменова,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.