Әуелете ән шырқалды

0

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Жаңаталап ауылында «Желбіре, Жеңістің жалауы» атты өнер фестивалі өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Ермағанбетов, аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Қ.Жандарбек, аудан­дық қоғамдық кеңестің төр­ағасы С. Қырғызбаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы құт­тықтау сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің 80 жыл толуына орай со­ғысқа қатысқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ер­лігін ұмытпай, ұрпақ жадында мәңгі сақтау мақсатында осын­дай ауқымды іс-шаралар ұйым­дастырылып жатқанын атап өтті.
Өнер фестивалі барысын­да ұлттық нақыштағы қол­өнер бұйымдары көрмеге қойы­лып, салт-дәстүрлерімізді дәріп­тей­тін сахналық көріністер қойыл­ды.
Сондай-ақ, ауылдың әнші­лері әуелете ән шырқаса, биші­лер мың бұрала би билеп, фестивальдің көркін кіргіз­ді. Әсіресе, Ыбырайым Сүлей­менов атындағы мектеп оқу­шы­ларының соғыстың қиын да азапты жылдарын сахна­лас­тыр­ған көрінісіне көрер­мен­дер қошемет көрсетті. Айта кетей­ік, барлық ауылдық округті қамти­тын өнер фестивалі күз айында Жаңатас қаласында өтетін гала концертпен қорытындыланады.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.