Тарихи-мәдени мұраны қорғау-тағылымды іс
Өткен аптада аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының ұйымдастыруымен «Тарихи-мәдени мұраны қорғау: Заңнамалық негіздер және практикалық шаралар» тақырыбында, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №228-VI Заңының тиісті заңнама талаптарын сақтау туралы семинар-кеңес өтті.
Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының директоры Сауран Қалиев, дирекциясының сала бойынша өкілдері Сланов Ердан Асқанбайұлы, Маратов Қайсар Дәулетжанұлы, Ділдабекова Салтанат Жұлдызбекқызы, аудан әкімдігінің жер қатынастары, мәдениет және тілдерді дамыту, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің басшылары, сала мамандары, ескерткіштерді қорғау жөніндегі нұсқаушы инспекторы, Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдері, сала бойынша мамандары қатысты.
Күн тәртібіндегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау: Заңнамалық негіздер және практикалық шаралар» тақырыбы бойынша тиісті заңнама бойынша жұмыстарды атқару» туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының директоры Сауран Қалиев хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қатысушылар өзара ұсыныс- пікірлермен алмасты.
Сәулет Есқара, «Sarysý»