Желбіре, Жеңістің жалауы!

0

Қазақстан халқы адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың-Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуын ерекше құрметпен атап өтуде.

Бұл-халқымыздың қайсар рухын, батырлығын және ел бірлігінің шексіз күшін әйгілейтін маңызды тарихи белес. 1941–1945 жылдардағы қасіретті жылдарда Қазақстан халқы ерлігімен де, еңбегімен де жеңіске сүбелі үлес қосты. Ал бүгін, арада сегіз онжылдық өтсе де, сол Ұлы Жеңістің маңызы кеміген жоқ керісінше, елдік сана мен ұрпақ тәрбиесінің темірқазығына айналды. Ұлы Жеңіс-отансүйгіштік пен қаһармандықтың мәңгілік үлгісі. Бұл мерейтой өткенді еске алу ғана емес, бейбіт өмірдің, тәуелсіздіктің және ел бірлігінің қадірін ұғынуға бағытталған.
Жеңістің 80 жылдығы еліміздің барлық өңірлерінде, оның ішінде ауданымызда да кең көлемде аталып өтуде. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізіліп жатқан фестиваль Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында «Желбіре, Жеңістің жалауы» атты тақырыпта жалғасын тапты.
Кешке қатысқан аудандық ардагерлер кеңесі пленумының мүшесі Татубай Айбеков құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің амандығын тілеп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында өтіп жатқан кештің мақсатына тоқталды.
Шарада арнайы көрме ұйымдастырылып, көпшілікке ұсынылды. Сонымен қатар, ауылдың өнерпаздары Жадыра Оразымбетова «Ел аман болсын», «Туған жерім тамаша», «Әжелер» тобы «Катюша», «Көзімнің қарасы», Қолғанат Темірбекқызы «Синий платочек», Еңлік Нұрсұлтан «Жақсы адамдарым», Жанар Әбен «Жойылсын соғыс», Бекнұр Қыдырәлиев «Жақсы адамдар», «Туған жер» әндерін орындаса, «Шашу» бишілер тобы «Қазақ биі», «Катюша биі», бишілер тобы «Үнді биі», «Өзбек билерін» мың бұрала биледі. Гүлсана Түймебайдың «Жеңіс күні» монологі көпшілікті ерекше әсерге бөледі.
Ауыл тұрғындары өнерпаздардың өнерлерін тамашалап, ерекше бір көтеріңкі көңіл күймен тарасты. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сәулет Рысбекұлы,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.