Қауіпті індеттен сақ болайық!
Аудан көлемінде Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы және «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалы мекемелерінің біріккен бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 20 тамызында сібір жарасының «Эпидемиологиясы, эпизоотиясы, инфекцияның клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу іс-шаралары» тақырыбында, облыстың барлық аудан, ауылдық округ әкімдері, медициналық қызметкерлері және ветеринар мамандарына арналған аумақтық семинар ұйымдастырылып өткізілуде.
Осыған орай ауданымызда «Сібір жарасының эпидемиологиясы, эпизоотиясы, инфекцияның клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу іс-шаралары» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары Н. Молдабеков, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Артықбаев, медицина қызметкерлері, ветеринар мамандары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында қауіпті індеттің алдын алу, дер кезінде анықтау және тиімді емдеу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру, ауыл шаруашылығындағы жануарлар арасында аурудың алдын алу мәселелері көтерілді.
Мұндай шаралар тұрғындардың денсаулығын қорғау және эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
Сәулет Есқара,
«Sarysý»