Тазалық жұмыстары басталды
Аудан көлемінде қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы
безендіру жұмыстары бойынша күзгі екі айлық өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан көлемінде абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі күзгі екі айлық жұмыстары 2025 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған күзгі екі айлық жұмыстарын ұйымдастыру және орындалуын қадағалау жөніндегі аудандық штаб құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Аудандық штабқа қажетті бөлім мен кәсіпорын басшыларының келісімдері бойынша қатыстыру жұмыстары жүргізілсін.
4. Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдеріне:
1) күзгі екі айлық кезеңінде атқарылатын жұмыстардың іс-шараларын дайындап және бекітіп, оның көшірмесін аудандық штабқа тапсыру;
2) абаттандыру, көгалдандыру, тазарту жұмыстарымен бірге, көшелердің жарықтандырылуын, сәулет нысандарын ретке келтіру, спорт алаңдары мен монументтерді ретке келтірсін;
3) өз аумақтарында күзгі екі айлық жұмыстары бойынша қоғамдық ұйым өкілдерін қатыстыра отырып, комиссия құру міндеттелсін.
5. Жаңатас қаласы мен ауылдық округ аумақтарында орналасқан заңды тұлғалардың және кәсіпкерлік нысан басшыларына өз ғимараттарының сыртқы келбетін, қоршауын жөндеуден өткізіп, белгіленген орындарда аулаларына тиісті дәрежеде тазалау жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
6. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету аудан әкімінің орынбасары Жаркенов Жанғозы Өмірғалиұлына жүктелсін.
С. Мамытов,
аудан әкімі