Спорт-бұл денсаулық, бұл тазалық

0

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған. Салауатты өмір сүру дегеніміз-тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмаймыз, себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңда қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасында темекіге, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та өршіп бара жатқандай. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт-барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйе­ге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бір­інші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласы жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің ауданда жағдай жасалған. Спорттың барлық түрі­мен айналысуға болады.
Сарысу ауданында дене шы­нықтыру мен спортты дамыту ба­ғытында 2025 жылдың 7 айы бойынша атқарылған жұмыс­тар туралы мәлімет беріп өтсем. Биыл­ғы жыл аудан көлемінде өт­кізілетін спорттық іс-шара­лар­дың күнтізбелік іс–шара және жұмыс жоспары жасалынып, бекітілген. Бұқаралық спортты дамыту үшін 2025 жылдың шілде айы бойынша ауданымызда ұлттық спорт түрлерінен, кешенді спорттық көптеген іс-шаралар өткізілді.
Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы-220 спорт нысаны бар. Оның ішінде 220 спорт нысандары тұрғындар үшін қолжетімді болып отыр. Оларда аудан тұрғындары тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін кесте жасалып, ілінді. Сонымен қатар, қала және әр округ бойынша мемлекеттік қызметкерлердің жүйелі түрде спортпен шұғыл­дануына ықпал жасау мақсатында қолжетімділік кестесі әзірленіп, тиісті ғимараттарға ілінген.
Облыс және аудан әкімі арасында жасалған келісімнің түйінді нысаналы индикаторларының 2025 жылға жоспар бойынша «Де­не шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын бар­лық жастағы тұрғындарды қамту­ды ұлғайту» 42,0 пайыздық көр­сеткішке жету, бүгінгі күні аудан бойынша халық саны 43417 дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы тұрғындар саны 18153 адам, жалпы 41,8 пайызды құрайды.
2025 жыл 7-айы бойынша Сарысу ауданындағы дене шынықтыру және спорт бөлімі балалар- жас­өспірімдер спорт мектептер саны 5, штат саны 236, спорт бөлімі 7, Бұқаралық орталық 19, Барлық БЖСМ оқушылар саны 2564 оқушы, 14-18 жас аралық оқушылар саны 839 оқушы, спорттың-футбол, бас­­кетбол, волейбол, шахмат, дой­­бы, бокс, каратэ-до шотокан, каратэ — до wkf, дзю-до, грек-рим, самбо, үстел теннисі, қазақ кү­ре­сі, тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі, джиу джитсу, көгал­дағы хоккей, гір тасын кө­теру түр­­лерімен жаттығады. Бө­лім­ше­лер саны 167 болса, оқы­ту­­­шылар-жаттықтырушылар са­ны-83, ал жоғары дәрежелі оқы­ту­­шы-жаттықтырушылар 3, іс-ша­ралар саны; жалпы-62, 5223 ад­ам қамтылған.
Қаңтар-маусым айлары аралығындағы спорт түрлерінен Сарысу ауданы құрама командасы­ның жетістіктері. Халықаралық (чем­пионат, турнир) жарыстарда 3 алтын, 1 күміс, 3 қола. Респуб­ликалық (чемпионат, біріншілік, турнир) жарыстарда 5 алтын, 10 күміс, 10 қола алса, облыстық (чем­пионат, біріншілік, турнир) жарыстарда 34 алтын, 40 күміс, 74 қоланы иеленген. Ал, аудандық турнирлерде 34 алтын, 28 күміс, 56 қоламен оралды.
Атаулы күндерге орай әр түрлі шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, 1 маусым-Балалар­ды қорғау күніне және «Діни экс­тремизм мен терроризмнің» алдын алу мақсатында волейбол­дан 2011-2012 жылы туылған мектеп оқушылары арасында ау­дандық жарыс, эстафеталық ойындар топаралық жарыс, 4 маусым «Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай топаралық жарыс және аудан ауыл шаруашылығының өсіп- өр­кен­деуіне зор үлес қосқан, ауыл шаруашылығының ардагері Май­кен Әбейұлы Ботабековты еске алуға арналған ересектер ара­сын­дағы футболдан, Италия­ның Милан қаласындағы даңқты «Ла Скала» опера театрында тә­жірибе жинақтап, сахнасында ән салған тұңғыш қазақтың айтулы опера әншісі, Қазақ ұлттық өнер академиясының педагогі, Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі А.Сембиннің 80 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен Сарысу ауданының ашық турнирлері өтті. Сонымен қатар, Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай медицина қызметкерлері ара­сында волейболдан аудан­дық турнир, Мемлекеттік қызмет­шілер, сот қызметшілері және полиция күні мерекесіне орай сала қызметкерлері арасында TEAM BUILDING спорттық жарыс, жазғы демалысты тиімді пайдалану мақ­сатында ересектер арасында кіші футболдан аймақтық жарыс, Жаңатас қаласы күні мерекесіне орай кіші футболдан Сарысу ау­дандық мектеп түлектері арасында «TULEKTER CUP» ауыспалы кубогінде спортшылар бақ сынасты.
Ауданда бұдан да басқа әр түрлі іс-шаралар, жарыстар, ау­дан­­дық біріншіліктер өткізіліп тұрады.

Айбол Бердібаев,
аудан әкімдігі спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.