Қаланың көркіне көрік қосайық

0

Сенбілік-тазалық кепілі.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау-әрбір азаматтың басты міндеті. Осы міндетті орындау мақсатында Жаңатас қаласында осы аптаның бейсенбісі күні сенбілік өтті.

Қаланың көркі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын атал­ған шараға мекеме, кәсіпорын қызмет­кер­лері қатысты.
Мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлін­ген ау­мақтарға, «Мәңгілік алау» монумен­ті­нің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік нәтижесінде саябақ ішін­дегі тал-дарақтар әктеліп, жол жиек­тері және арық жүйелері қатты қалдық­тардан, арам шөптерден тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен бір­неше тонна қоқыс шығарылды.
Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау-адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аудан тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағ­дайын жақсартуда да алар үлесі зор.
Сенбілікті ұйымдастырушылар бұл шара алдағы уақытта да жалғасын та­батындығын айтты.
Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары Талғат Төлебаев:
-Қала көшелерінің бойын тазалап, ай­на­ланы абаттандыру жұмыстарына атса­лысты. Қызметкерлер жерде жатқан қоқыстар мен сынған ағаш бұтақтарын жинап, көшені ретке келтірді. Сенбі­ліктің басты мақсаты-қаланың тазалы­ғын сақтау, жайлы әрі көрікті орта қа­лып­тастыру. Барлық тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, қала тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырамыз,-деді.
Қоршаған ортаны абаттандыруға жана­шырлық танытып, өткізілетін сенбі­ліктің мақсаты-қоршаған ортамызды аз­дырмай, қолдан келгенше көркейтіп көгалдандыру. Қашан да халық үшін өз тұрған жері-руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бе­сігі, береке-байлықтың бастауы. Таби­ғатынан қуаттанған әрбір азамат өз ауласын таза ұстап, қадірлеуі тиіс.
Жалпықалалық сенбілік-қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, бірлік пен тазалыққа бастайтын игі іс.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.