Асанбай Асқаровтың дара тұлғасы
«Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті» деген ұлылардан қалған сөз бар. Жақында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, идеология мәселесіне көп көңіл бөлу керектігін баса айтты. Сондай-ақ, балаларды ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу үшін сол бағыттағы кітаптарды оқытып, жалпы кітапқа деген қызығушылығын оятудың маңызын атап өтіп, арнайы тапсырма берген болатын.
Ал 2025 жыл Жамбыл облысы бойынша Кітап оқу жылы болып белгіленуіне байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қолдауымен «Әулиеата -кітап оқитын өңір» жобасы қолға алынған болатын. Жаңаталап орта мектебі кітапханасының ұйымдастыруымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ақын, мемуаршы Асанбай Асқаровқа арналған «Асқаровтың дара тұлғасы» тақырыбында тұлғатану кеші өткізілді.
Тұлғатану кешінің мақсаты-оқырман қауымды қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, зерттеуші, ақын, жазушы, мемуаршы А.Асқаровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, кітап оқуға баулу.
Кеш 6-сынып оқушыларының орындауындағы «Менің Қазақстаным» хорымен басталды. Мектеп директоры Г.Бозжігітов «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасының маңыздылығын айтып, кешті ашып берді.
«Тарихи тұлға ізімен» тақырыбында А. Асқаровтың өмірі мен қызмет жолдарын, жеткен жетістіктерін, ерен еңбектерімен таныстырылды. 6-8 сынып оқушылары Қ. Шекербек, А, Айдар, А. Март, Н.Қоңыр, А.Дүйсенбай, А.Дайыр, І. Абзел, Б.Әбілда ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып берсе, 9- сынып оқушылары Ш. Зубайра мен Н.Алмабай арнау өлеңдерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ, «А.Асқаровтың мұрасы» кітап көрмесі кеш қонақтарына таныстырылып, көрмеде ақынның «Тағдыр», «Өсиеттей өлмейтін сөзім қалса…», «Көзқарас» кітаптарына шолу жасалынды.
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында жүргізілген жұмыстар қорытындыланып, мектепішілік»Үздік оқырмандар» анықталып, мектеп әкімшілігі үздік оқырмандарды марапаттады.
«Үздік оқырман» жеңімпаздары-7-сынып оқушысы Қ. Шекербек, 6-сынып оқушысы М. Нұраш, 2-сынып оқушылары Н. Нұраш, А.Қалдыбек, А. Ишанбек, 3-сынып оқушылары Р. Айтбай, Б. Омар, 4-сынып оқушылары М. Әбен, А. Қалдыбек, 5-сынып оқушылары Д. Мелдебек, Қ. Зауытбай марапатталды. Кітапхана оқырмандары көбейе берсін, баршаңызды кітап оқуға шақырамыз.
Д. Оралова,
кітапхана меңгерушісі