Сұлулық пен салт үйлесімі
Жуырда Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияда өткен байқауға өңірдің әр ауданынан және оқу орындарынан іріктелген 12 ару қатысып, «Парасат пен пайым», «Мен Әулиеата аруымын», «Өнер – жанның айнасы» және «Сұлулық пен салт үйлесімі» кезеңдері бойынша өз бақтарын сынады.
Аталған байқау қазақ қызының сұлулығы мен парасатын, өнері мен тәрбиесін дәріптеп, ұлттық рухты жаңғыртуға бағытталған маңызды мәдени іс-шара ретінде ерекшеленді.
Сарысу ауданының намысын қорғаған Байқадам ауылы, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қошан Жәния Бауыржанқызы байқауға белсене қатысып, өз өнерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Қошан Жәния Бауыржанқызы байқауға белсенді қатысқаны үшін арнайы марапатқа ие болды.
Аяжан Көбей, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 2 – курс студенті