Оқырмандарына жол тартты

0

Қадірменді оқыр­ман қауым, назарлары­ңызға ұсынылып отырған кітап саналы ғұмырында қолынан қаламы түспеген журналист — жазушы Жеңіс Шыныбековтың 3-ші туындысы. Мұның алдында «Қара мерген», «Кербала» атты кітаптарын оқырмандар өте жылы қабылдады. Сонау өткен ғасырдың 60 жылдардың басында мектеп қабырғасын тәмамдаған соң қолына құрық алып, Бетпақдаланың төсінде жылқы бақты. Сайын даланың әсем де дүлей табиғатынан нәр алып, етене жақын сырласқан бозбала құймақұлақ шежіреші қарттардың әңгімелерін көп тыңдады, көкірегіне түйді.
Республикалық газет-журналдарға ауыл өмірінен танымдық мақалалар, қыр хикаяларын жіберіп отырды. «Кербала», «Ажалсыз аждаһа» повестерін дүниеге әкеліп журналдарға жариялады. Нәтижесінде жазушы Сафуан Шаймерденовтың батасын алып ҚазМУ­дің журналистика факультетіне оқуға түседі. Баққожа Мұқаев, Шөмішбай Сариев, Сұлтанәлі Балғабаев, Жақау Дәуренбеков сынды белгілі әдебиет­шілермен қатар білім нәрін алады. Одан кейінгі жарты ғасырдан аса өмірін аудандық «Сарысу», республикалық «Айқын», «Алматы ақшамы» газеттерімен тығыз байланыстырады.
Қолдарыңызға тиіп отырған бұл кітапқа автордың «Ажалсыз аждаһа» повесімен әр жылдары мерзімді баспасөзде жария көрген эсселері, әзіл-қалжың әңгімелері еніп отыр.
Кітап жалпы көпшілік оқырмандарға арналған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.