Ақ халатты абзал жандар марапатталды

0

Әр жыл сайын елімізде медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл-адам жанының арашасы болып жүрген дәрігерлер мен медбикелерге, жалпы ақ халатты абзал жандарға деген елдің ерекше ілтипатын білдіретін айрықша күн. Медицина қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Мәдениет үйінің кіре-берісіне «Мейірімді жүрек-дәрігердің қолында» атты көрме ұйымдастырылды. Кешке қатысушыларды кітап көрмесімен аудандық кітапхананың кітапханашылары таныстырып өтті.

Мерекелік жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жо­ғары жетістіктерін атап өтті.

-Сіздерді бүгінгі Медицина қызмет­керлері күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Адамның жа­ны­на араша болып, ем іздегенді ем­деп жазуға аянбай қызмет еткен меди­цина мамандарының жұмысы қа­шан да маңызды. Әркез жанымыздан та­былып, ауыр дертті жазуда бел жазбайтын ақ халатты абзал жандардың ең­бегі әрдайым ерен. Жаныңа араша тү­сіп, өміріңді құтқаруды міндет етіп ал­ған дәрігерлерге құрмет әрдайым жо­ғары болмақ. Олардың әрбір ісін ерлік деп қарау керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: -Халқымыз: «Бірінші байлық-денсаулық»-деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы-еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлем­нің «екінші ұстазы»-Әл-Фараби меди­цинаны өнер деп бағалаған. Ра­сында, дәрігер болу-жүректің ісі. Бұл-екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері-ұлт саулығының сақшы­лары, ең қадірлі мамандық иелері,-деп медицина саласының мамандарына жоғары баға берген.

Бүгінгі таңда, аудандық орталық аурухананың дәрігерлері халық үшін табанды қызмет етуде. Аудан бойынша барлығы 26 медициналық ұйым бар. Медицина саласында 77 дәрігер, олар­дың ішінде 9 жас дәрігер, 4 зейнеткер дәрігер жұмыс жасауда және орта буынды 347 медициналық қызметкер бар. Олардың ішінде денсаулық сақтау үз­діктері-2, қосымша тартылған дәрі­герлер саны-10. Медицина саласында ауданымызда жағымды жаңалықтар мол. Аудандық орталық аурухананың бө­лімшелері орналасқан екі ғимаратқа жедел сатылар (лифт) орнатылды, қа­зіргі таңда толық іске қосылып, жұмыс жасауда. Мекемеге сұранысқа сәйкес, ағымдағы жылға жаңа 5 автокөлік 4-Lada NIVA 1-Lada GRANTA алынды. Аудандық орталық ауруханасынан тұр­ғындардың, балалардың денсау­лығын жақсарту мақсатында, жаңа реа­биллитациялық бөлімше ашылды. Тыныс алу жүйесі ауруларын емдеуге, алдын алуға, тазартуға тұз шақ­­тасы (галотерапия) ашылды, әр түр­лі тірек-қимыл жүйесі ауруларын емдей­тін құрал — жабдықтар мен толық жаб­дықталған. Құрылғылармен жаб­дық­талу пайыздық көрсеткіш 98% құрайды. Сонымен қатар, шалғайда орналасқан Жайлаукөл ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториясы ғимараты соғылып, биыл пайдалануға берілді.

2024 жыл басынан сұранысқа сәйкес, орталық ауруханасына КТ (компьютерная томография) құрылғысы берілді. 2025 жыл басынан КТ құрылғысы орнатылып, іске қосылды. Жалпы соммасы 337,000,00 тг. тұрады. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен қолдау деп білемін. Әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқаратын істері мол.Асқан қажыр мен табандылықты талап ететін саладағы еңбектеріңіз жана берсін, деп бір қатар сала ардагерлерімен, мамандарына Қа­зақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісін және Құрмет және Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталары, Жамбыл облыстық денсаулық сақ­тау басқарма басшысының Алғыс хатын, «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және аудан әкімінің Құр­мет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады. Одан кейін аудандық мәс­лихаттың төрағасы Ш. Мұсабеков құт­тықтау сөз сөйледі.

—Сіздерге зор денсаулық, отбасы­ларыңызға амандық, баянды бақыт тілей­мін. Қоғамның сый — құрметіне бөленіп, ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер,-деп ақ халатты абзал жандарға аудандық мәслихаттың Құр­мет грамотасы мен Алғыс хаттарды тапсырды.

Салтанатты шара барысында «Amanat» партиясы аудандық филиалы­ның консультанты С. Тоқбанов абыройлы қызмет етіп келе жатқан ақ халаттыларды «Amanat» партиясының атқарушы хат­шысы Дәулет Кәрібектің «Алғыс» хатын, «Amanat» партиясы аудандық фи­лиалының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарын тапсырды.

Мерекелік шарада аудандық орта­лық ауруханасының бас дәрігері, «Денсау­лық сақтау ісінің үздігі» төсбелгі иегері А.Каликова сөз сөйледі.

-Құрметті ақ халатты абзал жандар мен саналы ғұмырын медицина са­ласына арнаған ардақты ардагер­лер. Медицина қызметкері болу мәр­тебелі әрі жауапты мамандық екені баршаңызға белгілі. Бұл мамандық иесі-халықпен біте қайнасып қызмет жасайтын, қастерлі еңбек иесі. Жанға дауа, дертке шипа, денге саулық сыйлайтын сол ардақты мамандық иелерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта да халықтың ризашылығына бөленіп, ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін,-деп бір қатар дәрігерлерге Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби-Қоғамдық бірлестігінің төрайымы-Сарыбекова Жамила Нұрғалиқызының «Шапағат» төсбелгісі, Алғыс хатын, аудандық орталық аурухананың Алғыс хатымен марапаттады.

Ел сыйлаған ардақты азаматтарымыз құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, дәстүрлі әнші, кере­мет дауыс иесі Наркенже Серік­баева сахна төріне шығып, ән қоржы­нындағы әуезді әндерінен шашу шашып, көрермендерге рухани азық сый­лады. Сондай-ақ көпшілік аудан өнер­паздарының өнерін тамашалады. Өнерпаздардың орындауындағы әндер мен нәзік би өрнектері көрерменге мере­келік көңіл-күй сыйлады. Көпші­ліктің ыстық ықыласына бөленген кон­церт медицина қызметкерлерінің көңі­лін бір серпілтіп, мерекелік кештің сәнін келтірді.

Сәулет Есқараев,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.