Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың рөлі тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

0

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 13 маусымында «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың рөлі туралы» тақырыбында семинар-тренингі болып өтті.

Аталған семинар-тренинг облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғима­ра­тында өткізілді.

Семинарға облыстық аумақтық сай­лау комиссиясының толық құрамы, қа­­лалық/аудандық аумақтық сайлау ко­мис­сияларының өкілеттігін кәсіби тұ­рақ­ты негізде жүзеге асыратын мүше­­лері (төраға, төраға орынбасары мен хатшы), Жамбыл облысы әкімі ап­пара­­тының басшысы, Жамбыл облысы прокуратурасының өкілі, Адам құқық­тары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамту­ды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқармасының басшысы, Жам­был облысы әкімі аппаратының бух­гал­терлік есеп бөлімінің басшысы, қала/аудан әкімдерінің орынбасарлары, қала/аудан әкімі аппаратының басшылары, қала/аудан әкімі аппаратының ұйым­дастырушылық бөлімінің басшылары, қала/аудан әкімдігінің ішкі саясат бө­лім­дерінің басшылары, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­дері, қалалық/аудандық газеттердің бас редакторлары мен жергілікті БАҚ өкіл­дері қатысты.

Семинар-тренингті Жамбыл облыс­тық аумақтық сайлау комиссиясының төр­ағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов ашып, қатысушыларды семинардың бағ­дарламасымен таныстырды.
«Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар сайлаушылардың сайлау про­цесіне тікелей араласуына, өз таң­дауын жасауына, олар өз өкілдері арқылы мем­лекеттік органдардың шешімін қабылдау процестеріне қатысуына және елімізде азаматтық қоғамды қалыптастыруда өз ықпалдарын жасауына мүмкіндіктер беруде.

Осыған орай, бүгінгі кездесуімізде сайлау процесін даярлаумен өткізу барысында уәкілетті органдармен қоғамдық ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі, тұрғындар арасында ауқымды ақпарат­тық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру болғандықтан, Жамбыл облыстық ау­мақтық сайлау комиссиясы Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып, семинардың күн тәртібіне «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының және онлайн-платформалардың рөлі» тақырыбын ұсынуды жөн көрдік»,-деді.

Сондай-ақ, семинардың мақсаты-бәсекелестік призмасы арқылы сай­лау­дың қоғамдағы саяси орнымен заң­дылығын көрсете отырып, өңірімізде сайлау туралы оң пікір қалыптастырып, сайлаушылардың белсенділігін арттыру екеніне тоқталды.

Семинардың бағдарламасына сәйкес, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау ко­миссиясы төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамалов «Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-плат­форманың сайлау барысындағы рөлі» тақырыбында дәріс оқыды. Өз сөзінде: семинардың негізгі мақсаты-сайлау про­­цесіне қатысушы барлық тараптарды, оның ішінде БАҚ өкілдерін, қолда­ныс­тағы заңнама талаптарын сақтау және бірлескен жұмысқа шақыру болып табылады. Қазақстандағы сайлау процесі мен медианың рөлі қазіргі ақпараттық қоғамда өте маңызды, себебі әділ және ашық сайлау демократиялық мемлекет үшін маңызды фактор, деп атап өтті.

Сондай-ақ, сайлау процесіндегі ме­дианың міндеттеріне, цифрлық медиа­ның және әлеуметтік желілердің әсеріне, ақпараттық теңдік туралы және БАҚ пен сайлау органдарының өзара іс-қимы­лына түсіндірме берді.

Т. Жамалов өз сөзінде ақпараттық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық мә­селесін де көтерді. Жалған ақпараттар мен манипуляциялар сайлау процесіне әсер етуі мүмкін, сондықтан ақпараттың дұрыстығын тексеру және оны таратуда БАҚ жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін жеткізді.

Келесі «Әулие ата-Медиа» АҚ-ның бас директоры Данияр Асқарұлы бұқ­ара­лық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар саласында енгізілген жаңа­шылдықтар туралы баяндады. Өз баяндамасында: — Осы күнге дейін өт­кен әрбір саяси науқанда өңірдің ақ­парат саласы «сапалы әрі шынайы, ашық әрі әділ» қағидатына негізделіп кел­ді. Әріптестеріміз сайлау науқаны басталғаннан, қорытындысы шыққанға дейін маңызды шараның басы-қасынан табылып, сайлау учаскелерінен тікелей ақпарат таратып келеді. Ең алғашқы бюллетень жәшікке түскеннен бастап, дауыс беру құқығына күні кеше ие болған азамат пен ең қарт қазақстандықты да назардан тыс қалдырмай, саяси науқанның атмосферасын көпшілікке қаз-қалпында беруге күш салады. Себебі жоғарыда атап өткенімдей, кез келген сайлау науқаны халықтың, мемлекеттің әуелгі болашағы үшін жүзеге асса, бұқарамен бір қазанда қайнаған журналистер қауы­мы үшін бұл-кәсіби міндет қана емес, сонымен қатар өмірлік ұстаным, қас­терлі қағида, — деп айтып өтті.

Ары қарай, бағдарлама бойынша, Жам­был облысы әкімдігінің ақпарат жә­не қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы «Жергілікті атқарушы органдардың сайлау процесін даярлау барысында бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаның жұмысын ұйымдастырудағы рөлі» тақы­рыбында баяндама жасады.

Ж.Нұрмолдаұлы баяндамасында: — Об­лыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық да­му басқармасы Қазақстан Республикасы Сайлау туралы Заңын басшылыққа ала отыра, сайлау науқанында идео­ло­гиялық іс-шаралардың сапалы өтуін, оларды ақпараттандырумен қатар, қо­ғам­дық-саяси ахуалдың тұрақтылы­ғын сақталуын бақылайды.

Әрбір сайлау кезеңінде респуб­лика­лық нұсқаулыққа сәйкес желілік кесте және медиа-жоспар әзірленіп, жүзеге асырылады.

Сайлаудағы жергілікті атқарушы ор­гандардың негізгі міндеттердің бірі-халық арасында ауқымды ақпараттық-тү­сіндіру науқанын жүргізу.

Науқанды жариялау және бастау қар­саңында барлық деңгейлерде ақпарат­тық-түсіндіру жұмыстарына жалпы тә­сіл­дерді әзірлеу қажеттігі туындайды. Бұл тұрғыда сайлауға келуді арттырудың маңыздылығына назар аударылуы тиіс,-деді.

Келесі болып, «Сайлауға дайындық және оны өткізу барысында сайлаушы­ларды ақпараттандыру жұмысын ұйым­дастыру» туралы тақырыпта Тараз қала­лық аумақтық сайлау комис­сия­сының төрағасы Уалихан Болар­бекұлы Байдуанов дәріс оқыды.

«Сайлау-негізгі конституциялық қа­ғидаттарының бірі ретінде халықтың еркін білдіруінің негізгі нысаны болып табылады. Дауыс беруге құқығы бар азаматтардың сайлауға қатысуы-жасырын дауыс беру арқылы мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сапалық жә­не сандық құрамын қалыптастыруға негіз­делген тікелей халық билігінің көрінісі. Халық өз өкілдерін сайлай отырып, оларға өзіне тиесілі мемлекеттік билікті жүзеге асыру жөнінде толық сенім біл­діреді»,-деп атап өтті У. Байдуанов.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң әрбір азаматтың еркін таңдау жасауына кепіл­дік беретін құқықтық негізді қалып­тас­тырады. Бұл заң азаматтардың еркін білдіруін қамтамасыз ететін маңызды тетіктерді белгілейді.

«Осылайша, біздің әрқайсымыз өзінің ішкі нанымына сай, сырттан қандай да бір мәжбүрлемей-ақ, өз қалауымызды еркін білдіреміз»,-деді У. Байдуанов.

«Шерхан Мұртаза атындағы бас­па­сөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қыз­меті)» КММ-нің басшысы Алмат Сад­уақас Маратұлы әлеуметтік медиа маркетингтегі трендтерді (контент, конверсия, hook, smm, рилс, көрілім, лид және т.б.) сайлау саласында қолдану туралы баяндады.

Бүгінгі таңда саясаттағы ең маңызды ресурс-халықтың назары. Бұл назар бұрын теледидар мен газетте болатын, қазір-TikTok, Instagram, YouTube пен Facebook-та. Pew Research Center-дің зерттеуіне сенсек, АҚШ-тағы 18-29 жастағы жастардың 67%-ы жаңалықты ең алдымен әлеуметтік желілерден ала­ды. SMM-дегі ең алғашқы міндет-ауди­торияны ұстап қалу. Оның жолы-HOOK. Бұл-контенттің алғашқы 3-5 секундында, алғашқы сөйлемінде көрерменді қы­зықтырып, тоқтатып қалатын тәсіл еке­нін түсіндіріп, төмендегідей мысалдар келтірді:

1. «Сіз неге маған дауыс бермеуіңіз мүмкін? Мен түсіндірейін.»

2. «Бұл 30 секунд сіздің көзқара­сыңызды түбегейлі өзгертеді.»

3. «Менің балам да мектепте тамақ ішпей жүрді…»

4. «Бұл сайлауда алғаш рет осындай болады!»

5. «Сізге тек бір сұрақ қояйын…»

А. Садуақас, осылайша өз баяндамасында әлеуметтік медиа маркетингтегі трендтерге талдау жасады.
Келесі сөз кезегі, Тараз қаласы проку­ратурасының бөлім прокуроры Жандос Сәлкенұлы Байтасовқа беріліп, «Үгіт-насихат кезеңінде және дауыс беру күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаны қолданушылардың жауапкершілігі туралы» баяндады.

Сайлаудың жариялылығы мен ашық­тығын қамтамасыз ету мақсатында ерек­ше әрі маңызды орын сондай-ақ байқау­шылар мен кандидаттардың сенімді адамдарына берілген.

Олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республика­сын­дағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен (бұдан әрі-Конституциялық заң) реттелген.

Сайлау учаскесіндегі белгілеген мінез-құлық қағидаларын сақтау жөнін­дегі сайлау комиссиясы төрағасының талаптарын орындауға міндетті.

Бұдан бұрын атап өткендей, байқау­шылар мен сенім білдірген адамдар дауыс беру барысына және оның қоры­тындысын шығаруға кедергі келтір­мес­тен, фото, аудио-және бейнежазбалар жасауға құқылы.

Бұл ретте, осы құқықты іске асыру барысында адамның Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары, дауыс беру құпиясы сақталуы қажет.

Ешкімнің қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға құқығы жоқ (Азаматтық кодекстің 145-бабы).

Бұл ретте, «Масс-медиа туралы» Заң­ның 14-бабының (2-2-т.) талаптарын ескеру қажет, оған сәйкес егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және мұндай адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді

Азаматтың құпия деректерін қорғау (ЖСН нөмірі, ТАӘ және т.б.) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңмен кепілдендірілген.

Осылайша, фото-, аудио- және бейнежазба, сондай-ақ байқау: – дауыс беру құпиясын, сайлаушылар тізімін және олардың дербес деректерін қорғауды ескере отырып қана жүргізілуі тиіс. Азаматтардың бейнесін көпшілік алдында тарату олардың келісімін қажет етеді.

Бағдарлама бойынша, Жамбыл об­лыс­тық аумақтық сайлау комис­сиясының мүшесі Әсел Анарбек­қызы Қадырбекова сайлау науқандарын өткізуге қаралған бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы дәріс оқыды.

Ә. Қадырбекова бюджет қаражаты туралы дәрісінде: «Барлық сайлау нау­қандары, соның ішінде жергілікті дең­гейдегі науқандар айтарлықтай қар­жы­лық шығындарды талап етеді. Бұл ретте әрбір салынған теңге нақты пайда әкелетіні маңызды: сайлаушылар­ды хабардар етуге, дауыс беруді ұйымдас­тыруға, процестің қолжетімділігі мен ашық­тығын қамтамасыз етуге ықпал етті.

Сайлау туралы қолданыстағы заңна­маның нормаларына сәйкес, мемлекет­тік қаржыландыру және мемлекеттік емес қаржыландыру нормалары көзделген.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 33-бабы сайлауды мемлекеттік қаржылан­дыруды регламенттейді.

Сайлауға дайындық пен оны өткізуді қаржылық қамтамасыз ету үшін қаражат көзі мемлекеттік бюджет болып табылады.

Конституциялық заң нормаларына сәйкес:

Республикалық бюджет қаражатынан Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады.

Жергілікті бюджет қаражатынан әкім­дерді сайлау жергілікті атқарушы орган­дардың осы мақсаттар үшін ашылатын шоттары арқылы қаржыландырылады.

Шамамен сайлауға бөлінген қаржының негізгі үлесі (шамамен 75-80%) сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеуді құрайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы­ның 20-бабының 11-тармағына сәйкес сайлау комиссияларының мүше­леріне сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен кемінде үш ең төменгі жалақы мөлшерінде жалақы белгіленеді.

Мемлекеттік қызметшілер болып та­былатын сайлау комиссияларының мү­ше­леріне сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде олардың негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады.

Сайлау туралы Конституциялық заң­да үстеме жұмыс, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс, түнгі уақытта сайлау комиссиялары мүшелерінің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатындардың еңбегіне ақы төлеу көзделген. Төлем еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес мереке және демалыс күндеріндегі жұ­мысқа ақы төлеу еңбек шартының талап­тарына сәйкес жоғары мөлшерде, бірақ қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, бір жар­ым мөлшерден төмен емес мөл­шерде жүргізіледі.

Шамамен смета шығындарының 20-25%-ы, әдетте, сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық шығындарына жос­парланған, мысалы:

Мүгедек адамдарға арналған бюллетеньдер, трафареттер, полиграфиялық және өзге де өнімдер (бұл әдістемелік құралдар, ақпараттық плакаттар, стендтер, билбордтар және басқа да қажетті баспа өнімдері) дайындау;

Сондай-ақ, шығыстар сайлау өт­кізу процесінің жариялылығы мен ашық­тығын қамтамасыз ету мақсатында нау­қанды ақпараттық сүйемелдеуге ба­ғыт­талады-бұл республикалық және жер­гілікті телеарналарда, радиода аудио және бейнероликтерді дайындау және прокаттау, бұқаралық ақпарат құ­ралдарында ақпарат жариялау;

Сондай-ақ, шамамен смета сайлау комиссиялары үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасауға (байланыс қызметтерімен, жанар-жағармай материалдарымен, көлікпен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету, дауыс беруге арналған үй-жайларды сайлау жәшіктерімен, кабиналармен толық жарақтандыру) арналған шығыстарды қамтиды», деп түсіндірді.

Семинар-тренингтің пленарлық бө­лімі­нің жұмысы аяқталып, қатысу­шы­лар 2 топқа бөліну арқылы секциялық жұмыс жалғасты.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Т. Жамаловтың төрағалығымен өт­кен бірінші топтың секциялық жұмы­сына облыстық аумақтық сайлау ко­мис­сиясының мүшелері, қалалық/ау­дан­дық аумақтық сайлау комиссия­лары­ның орынбасарлары, қала/аудан әкім­дерінің орынбасарлары, қала/аудан әкім­дік­терінің ішкі саясат бөлімдерінің басшы­лары, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Семинардың бағдарламасына сәй­кес, Жамбыл облыстық аумақтық сай­лау комиссиясының мүшесі Мерей Ер­ғалиқызы Амангелді «Сайлау және ақпарат кеңістігі, оның ішінде, БАҚ-та жария­ланған материалдардың ашық­тығын қамтамасыз етудің маңызды­лығы» тақырыбында дәріс оқыды.

М. Амангелді өз дәрісінде, «Қазақ­стан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес (20-бап 1-тармақ), барлық деңгейдегі сай­лау комиссиялары жариялылық, ашық­тық және алқалылық қағидаттары бойын­ша жұмыс істейтінін түсіндіріп, ақ­парат­тандыру жұмыстары аясындағы ашық­тық принципіне тоқталды.

«Қазіргі заманғы демократиялық қоғамда сайлау мен ақпарат кеңістігі тығыз байланысты ұғымдар.
Сайлау-Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделсе (2-бап), ақпарат кеңістігі-осы процестің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ететін маңызды құрал. Сондай-ақ, сайлау мәдениетін арт­тыру мен халық арасында сенімді қалыптастыруда ақпараттық кеңістіктің маңызы зор.

Сайлау науқаны кезеңдерінде АСК отырыстары процестің барлық қатысу­шылары үшін ашық. Сайлау комиссия­сының отырыстарына: кандидаттар, се­нім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тап­сырмасы болған кезде бұқаралық ақ­парат құралдарының өкілдері қатыса ала­ды (20-бап 7-тармақ).

Аумақтық сайлау комиссиялары, заң­да белгіленген ашықтық принципі негіз­інде комиссия қабылдаған шешім­дер мен қаулыларын, сондай-ақ, науқанға қатысты өзге де құжаттарын БАҚ-та жариялап отырады.

Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау комиссияларына сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және хабарларды жариялау мүмкiндiгін дереу береді (27-бап 7-тармақ). Яғни, бұқ­аралық ақпарат құралдары сайлау ко­мис­сиясының науқан туралы ақпара­тын, хабарламаларын немесе өзге де материалдарын басылымда дереу жариялауы керек. Бұл жөнінде сайлау туралы заңның 27-бабында айқындалған», деп баяндады.

Сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдерінің дауыс беру күнгі сайлау учаскелеріне бар­ып, халықты сайлау процесімен ақ­парат­тандыру жұмыстарына тоқталып өтті.

Дауыс беру күні, сайлау учаскелеріне келіп қатысқан БАҚ өкілдерінің, бай­қаушылар мен сенімді өкілдердің есебі жүргізілетіні жайында айтып, соның іш­інде, ақпараттандыру жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуы туралы 2024 жылы және 2025 жылдың жыл басынан бері өткен сайлаулардың есептеріне талдау жасады.

Келесі сөз кезегі, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының м­үшесі Мейржан Ермекбайұлы Сембековке бері­­ліп, «Сайлаудағы цифрлық мүм­кін­діктер: онлайн-платформалардың рөлі» туралы дәріс оқыды.

М.Сембеков семинарда қазіргі заманғы сайлау үдерістеріндегі технологиялық өзгерістерді талқылады. Онлайн платформалар арқылы үгіт жүргізу, сайлаушылармен байланыс орнату және электоралдық ақпаратты тарату мәселелерін де қарастырды. Сондай-ақ, дәрісте жалған ақ­парат­пен күрес және медиа сауаттылықтың маңыз­дылығы қозғалды.

Семинар бағдарламасы бойынша, адам құқық­тары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Тілешұлы Қуанышев мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға қатысуын ұйым­дастыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды тарту жұмыстары туралы баяндады.

Е. Қуанышев баяндамасында: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы (№ 21/183) Қаулысымен Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұс­қаулығы бекітілді.

Осы Нұсқаулықтың 3-тарауында мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері көрсе­тіл­ген.

Мысалы, дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін барынша қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі, бірінші қабаттарда орналасуы немесе басқа қабаттарға бару үшін көтеру тетіктері болуы тиіс. Кіре-берісте тұтқалар, төсеніштер, пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар (уақытша рұқсат етіледі) көзделуі қажет.

Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде): әр түрлі тактильді көрсеткіштер (мүм­кін­дігінше); тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған, соның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ес­керілген, жасырын дауыс беруге арналған ка­бина(лар); мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін төмендегілерді қамтитын арнайы жабдық­талған орын (бұрыш) көзделуі қажет:1) мониторлы компьютер (диагоналі кемінде 54 сантиметр), онда мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматта осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген ақпарат орналасуы тиіс; 2) құлақаспаптар; 3) Брайль қарпінде орын­далған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка; 4) қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар.

Сонымен қатар, айта кететінім, жергiлiктi атқарушы органдар мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес, дауыс беруге арналған арнайы сайлау учаскелерiн құра алады. Міне, мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайларды жарақтандырудың міндетті талап­тары осындай,- деп тоқталып өтті. Келесі болып, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссия­сының мүшесі Еркін Серікұлы Жапаров сөз алып, «Сайлаудағы құқықтық жауапкершілікке» тоқ­талып, сайлауды даярлау мен өткізу барысында орын алған заң бұзушылық туралы кейстерге талдау жасады.
Е. Жапаров өз дәрісінде:

«Сайлау процесінде заң талаптарын бұзу әртүрлі құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады. Жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:

Әкімшілік жауапкершілік-сайлау заңнамасын бұзған жағдайда айыппұл салу немесе басқа да әкімшілік шаралар қолдану.

Қылмыстық жауапкершілік-егер заң бұзу­шылық ауыр сипатта болса (мысалы, дауысты қол­дан жасау, сайлаушыларға қысым көрсету), қыл­мыстық іс қозғалып, кінәлі адам жазаға тартылады.
Азаматтық немесе конституциялық құқықтық жауапкершілік — сайлаушылардың немесе канди­дат­тардың құқығын бұзу нәтижесінде келтірілген залалды өтеуді міндеттеу және тіркеуден бас тарту және тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға алып келуі мүмкін.

Сайлау процесіндегі құқықтық жауапкершілік-бұл тек жазалау құралы емес, сонымен қатар сайлау жүйесінің тазалығын, әділдігін және халықтың билікке деген сенімін қамтамасыз ететін маңызды тетік.
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңының 50-бабында нақты айқындалған.

Сондай-ақ, қаралған жауаптылықтар «Қазақ­стан Республикасының Қылмыстық кодексi» 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 150,151 баптарына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының Кодексінің 101-126 баптарына сілтеме береді», — деді.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссия­сының хатшысы А.Боранбаевтың төрағалығымен өткен екінші топтың секциялық жұмысына облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, қалалық/ау­дандық аумақтық сайлау комиссияларының төр­ағалары мен хатшылары, қала/аудан әкімдері аппаратының басшылары, қала/аудан әкімдігі ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Жиында облыстық аумақтық сайлау комис­сиясының хатшысы Абылхайыр Асқарұлы Боранбаев «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну, тіркеу, және кандидаттардың құжаттарын заң талаптарына сәйкестігін тексерудегі өзекті мәселер» туралы баяндады.
Сондай-ақ, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар резервін даярлау және ұсыну бағытында жергілікті атқарушы орган мен саяси партиялардың бір­лескен жұмыстары туралы Жамбыл ауданы әкімі­нің аппарат басшысы Самат Апсадыкович Селеубаев пен Қордай ауданы әкімінің аппарат басшысы Нұрболат Ақын­ғалиұлы Сатымқұл баяндады.

Сонымен қатар, сайлау науқаны кезеңдерінде шақыру қағаздарын сайлаушыларға тарату барысында сайлауға қатысушылардың мониторингін жүргізу туралы Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарас Рашидұлы Джакипбеков баяндады.

Пленарлық және екінші секциялық жұмыс бөлімінде қаралған мәселелер бойынша, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Құралбайұлы Ілебаев сөз сөйлеп, сайлау науқаны кезеңінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқарылып жүрген жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезеңіндегі сайлаушыларды саяси науқан бойынша жүйелі түрде ақпараттандыру жұмыстары аудан әкімдерінің идеология жөніндегі орын­басарларының лауазымдық міндеті екенін айтты.
Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру бойынша сайлау учаскелері орна­ласқан ғимараттары бойынша түсініктеме берді. Сайлау учаскесі орналасқан ғимараттағы пандус­тардың, көтергіш тетіктердің және шақыру қоңы­рауларының жәй-күйін айтып, талапқа сәйкес келмейтін учаскелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні жөнінде айтып өтті.

Сонымен қатар, науқан кезінде саяси партиялармен заң талаптарын түсіндіру жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныс білдірді.

Семинар-тренингте тақырыптар бойынша дәрістер оқылғаннан кейін, қатысушылар тарапынан сайлау науқаны барысында туындаған сұрақтар семинардың бағдарламасына сәйкес өткізілген секциялық жұмыста практикалық тұрғыда талқыланып, нақты жауаптар берілді.

Семинар аумақтық сайлау комиссиялары мен мемлекеттік органдарға, БАҚ өкілдеріне және саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Қорытынды бөлімінде қатысушыларға пленар­лық бөлімнің жұмысы мен секциялық жұмыстан алған біліктілікті нақтылау мақсатында, оқылған тақырыптар бойынша сауалнама жүргізілді.

Семинар соңында екі секциялық бөлімдерде айтылған ұсынымдар тыңдалып, облыстық ау­мақтық сайлау комиссиясының төрағасы

С. Айдапкелов сайлау процесіне белсенді ат­салысқан азаматтар мен ұжымдарды Алғыс хатпен марапаттап, семинар жұмысын аяқтады.

Жамбыл облыстық аумақтық
сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.