Өмірімнің бәрі ізденуден тұрады

0

Қазақ руханиятының дамуына үлес қосқан, кеудесі қазына, қаламы жүйрік тұлға  – Пернебай Дүйсенбин, есімі көпшілікке жақсы таныс қаламгер, балалар жазушысы. Жазушының балалар әдебиетіне қосқан еңбектері мен сырлы шығармалары, тарихи, танымдық, деректік кітаптары оқырмандар сүйіп оқитын шоқтығы биік туындылар.

Бала кезден кең далаға бауыр басып өскен Пернебай ағаның сезімтал да зерек жетілуіне жусан иісі бірден бір себепкер. Ол жастайынан сан түрлі туған жер бояуынан сыр ұқты. Қалам құдіреті сыншыл, жыршыл жүрекке киелі ұғымдай көрінетін. Қоршаған ортаның құпия құбылыстарынан өзінше ой түйіп, оны қағазға түсіру қаншалықты қызық болса, соншалықты қиын екенін аңғарған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жар-лығымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» және облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бас-тамасымен «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында өткен аптада аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен  ауданның Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Дарабоз» сыйлығының екі дүркін иегері,  халықаралық, республикалық әдеби конкурстардың сегіз дүркін жеңімпазы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында  «Өмірімнің бәрі ізденуден тұрады» атты құрмет кеші өтті.

Шараға келуші көрермендер аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырған «Пернебай Дүйсен-биннің дара жолы» кітап көрмесі және «Қарлығаш көңіл қаламгер» инсталляциясымен танысты. Шараның шымылдығы «Сарысу» халық театрының П.Дүйсенбиннің «Ән салшы, Әке»   повесінен театрландырыл-ған қойылым қойып, шараға қаты-сушыларға рухани азық сыйлады. Қойылым барысында әртістер өз рөлдерін бар ықыластарымен сомдап, көрермен қошеметі мен автордың алғысына бөленді. Повест негізінен ҰОС жылдарындағы тылда еңбек еткен жас балалардың басынан өткен оқиғаларын көрсетеді. Басты рөлдегі — Нұртас есімді бала өзінің достарымен бірге шөп ору маусымында неше түрлі қызықты кезеңдерді бастан өткеріп, майдан даласында жүрген әкелерін сағынысып еске алады.

Салтанатты кеште аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөй-леді.

-Жазушы Пернебай Дүйсенбин – есімі көпшілікке жақсы таныс қаламгер, балалар жазушысы. Жазушының балалар әдебиетіне қосқан еңбектері мен сырлы шығармалары, тарихи, танымдық, деректік кітаптары оқырмандар сүйіп оқитын шоқтығы биік туындылар,-деп жазушының әдебиет саласына орасан үлес қосқанын тілге тиек етіп, отбасына амандық, деніне саулық,  жазушының шығармашылығына зор табыс тіледі.

Кітапхана қызметкерлері «Танымы бөлек талант»  атты жазушының суретшілік өнеріне,  «Балалар әлемінің бағбаны» балалар әдебиеті, «Жүрегімде ғасырлардың салмағы» шығармашылығын насихаттау айдары мен «Сан қырлы қалам иесі» тарихи, деректік, шежірелік, әдеби туындыларына шолу жасады.

Сондай-ақ кітапхана оқырманы   Қайрат Өмірзақ «Жұлдыздар неге жылайды?» повесінен монологін оқыса, аудандық мәдениет үйінің әншілері Раушан Қадырбекова «Ел аман болсын», Ахат Кенжебаев «Бұлбұлым» әндерін орындап, кештің көркін кіргізіп,көрермендерді өнерімен баурады.

Сонымен қатар  қаламгердің шәкірттері Қали Сәрсенбай, Сәуле Жанпейісова, Болатбек Төлепберген, Ардақ Исатаева қаламгерге видео-құттықтау жолдады.

Кеш соңында жазушы Пернебай Дүйсенбин  шараға қолдау білдірген аудан басшыларына және шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған аудандық кітапхана мен мәдениет үйіне алғысын білдіріп, кітап оқудың адамға пайдасы туралы кеңінен баяндады.

Тарихи орындарды аралады

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында аудандағы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, ардагерлерге сергектік сыйлау мақсатында «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен 20  ардагер түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға саяхаттап қайтты.

Қариялар ең алғашқы зияратын   Ясауи кесенесінен бастап, Керуен сарай, «Түркістан-Арена», «Ұлы дала елі» орталығын, «Hazret Sultan Airport» халықаралық әуежайын, облыс әкімдігін, «Конгресс холл» залын және басқа да Түркістан шаһарында жаңадан бой көтерген нысандарды аралады. Сан ғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін музейде болды. Түрленіп, түлеген Түркістан қаласының бүгінгі келбетін таңдана да тамсана тамашалап, саяхаттан рухани серпіліп қайтты. Сондай-ақ Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінде болды.

Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.

Ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері арнайы ұйымдастырылған сапар аясында жаңарған Түркістанды тамашалап қайтты. Жаңарған Түркістанға қонақ болып барған ардагерлер — аймақтың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан білім, мәдениет, ғылым, өндіріс және және басқа да түрлі салаларда жетекшілік еткен білікті қариялар.

Аудандыќ жарыс

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, аудандағы үкіметтік емес ұйымдар арасында аудандық бильярдтан сайыс өтті.

Сайысқа аудандағы қоғамдық оқиғаларға үн қосып жүрген ұйым мүшелері қатысып, бақ сынасты.

Турнирдің мақсаты — салауатты өмір салтын  кеңінен насихаттау, жаңа  елордамыз — Астана   қаласының  абыройын   асқақтату, жастарға  үлгі   көрсету, бұқаралық   спортты  дамыту.

Жарыста бас төреші жарыстың шарттарымен таныстырып, қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.

Аталған спорт сайысында ұйым мүшелері турнир басталған сәттен дәлдік пен ептіліктерін көрсетіп, жақсы ойын өрнегімен жарыс көрігін қыздыра түсті. Ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сыздықов өз сөзінде
— Бильярд спортының адамға берер пайдасы көп. Мәселен, көз мергендігімен геометриялық ой-өрісіңіз кеңейеді. Сонымен қатар өкпеңіз тазарып, денсаулығыңыз нығаяды. Өйткені, бильярдшы жарыс барысында ойын үстелін айналып, 2-3 шақырым жүріп өтетін кездері аз емес. Бильярд икемді, қажетті спорт, деп айтар едім. Үлкен физикалық қысым жоқ. Емін-еркін ойнайсың. Үстелді айналып жүріп, қаншама шықырым жүргеніңді байқамай да қаласың. Сондықтан осы ойынды жақсы көрем. Жастарға да үлгі болса екен деймін. Күнделікті 3-4 сағат ойнауға болады. Тынысыңды кеңейтетін спорт десем қателеспеймін,-дейді. Жарыс соңында жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сый — сияпаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.